Тоқаевтың тапсырмалары: ақпан айында не істелді? (Жалғасы)

Тоқаевтың тапсырмалары: ақпан айында не істелді? (Жалғасы)

Тоқаевтың тапсырмалары: ақпан айында не істелді? (Жалғасы)
ашық дереккөзі
Біз кеше қайғылы қаңтар оқиғаларынан кейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың нон-стоп режимінде реформалар жүргізіп, жауапты органдарға бірқатар тапсырмалар бергенін жазған болатынбыз. Содан бері Үкімет көптеген тапсырмаларды орындап үлгерді. Ал бүгін тапсырмалардың қалғанын тізіп өтпекпіз turkystan.kz. informburo.kz-ке сілтеме жасап. 7) Тұрғын үйге төленетін ақының бір бөлігін мемлекет тарапынан субсидиялау, жалға берілетін тұрғын үй секторын дамытуға және субсидияларды алушылар мен үйді жалға берушілерге арналған цифрлық платформа құру. Президент бұл тапсырмаларды 1 мамырға дейін орындауды тапсырды. Үкімет бұл тапсырманы мерзімінен бұрын орындамақшы. Яғни 15 наурызға дейін жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға өтінімдер қабылдау үшін цифрлық платформаның тестілік нұсқасы іске қосылмақ. Ал өтінімдерді қабылдау 5 сәуірден басталады. 8) Медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу мәселесі іс жүзінде шешілді. Оны «СК-Фармация» ЖШС екі кезеңде сатып алатын болды. Бұл сатып алуларды ұйымдастыру мен өткізуді реттейтін нормативтік-құқықтық актілерге қажетті өзгерістер енгізілді. Сәуір айының соңына дейін техникалық ерекшеліктер біріздендіріледі. Электрондық сатып алуды өткізу мамыр айында басталуы тиіс. Бұдан әрі қаржыландыру көздері айқындалып, 2025 жылға дейін басым бағыттар бойынша медициналық техникамен жарақтандыру бағдарламасы бекітілетін болады. 9) Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өндірушілерін субсидиялаудың тиімділігін арттыру жөніндегі тапсырмасы орындалды. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2022 жылғы наурызда Үкіметтің қарауына субсидиялау жүйесін жетілдіру бойынша түпкілікті өзгерістер пакетін енгізуге уәде берді. Қазір субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесін әзірлеу аяқталуда. 10) Президенттің халықтың табысын арттыру тапсырмасы да ұмыт қалған жоқ. Үкімет еңбек нарығына, өмір сүру деңгейі мен кедейлік көрсеткіштеріне, халықтың кірістері мен шығыстарының құрылымына талдау жүргізіп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға кедергі келтіретін негізгі себептерді анықтады. Сөйтіп, азаматтардың табысын жақсартатын төрт бағыт бар. Олар – халықтың еңбек қызметінен табысын арттыру; кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерді арттыру; жоғары өнімді жұмыс орындарын құру; жұмыс күшінің дағдыларын арттыру. 11) Инфляцияны тежеу тапсырма бойынша жұмыс өз жалғасын табуда. 2022-2024 жылдарға арналған инфляцияны бақылау және төмендету жөніндегі шаралар кешені әзірленген. Бұл шаралар өнім өндіру көлемін ұлғайтуды, тауарларды сақтауды, логистиканы, көлікті, тауарлардың бөлшек саудасын, баға белгілеуді бақылауды, монополияға қарсы және сыртқы сауда реттеуді көздейді. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Атырау, Қарағанды және Қостанай облыстарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне сауда үстемесін 15-тен 10%-ға дейін төмендету бөлігінде 5 акт жасасты. Алайда, тек ел ішінде ғана емес, әлемде болып жатқан оқиғалар Үкіметті тезірек және қысқа мерзімде шара қолдануға мәжбүрлеуде. Атап айтқанда, 24 ақпанда Ұлттық банк теңге бағамын тұрақтандыру үшін интервенцияның айтарлықтай көлемін (138 млн АҚШ доллар) жүзеге асыруға мәжбүр болды. 12) Қаңтардағы тапсырмалар пакетінде Президент бизнеске ковидтік шектеулерді жеңілдетуді талап еткен болатын. Бұл тапсырманы орындау мақсатында ведомствоаралық комиссия келушілердің «жасыл» мәртебесі бойынша жұмыс істейтін нысандар үшін эпидемиологиялық тәуекелдің барлық аймақтарында («жасыл», «сары» және «қызыл») карантиндік шектеулерді жеңілдетті. Сондай-ақ, «көк» мәртебесі бар келушілер үшін жұмыс істейтін бизнес нысандары үшін эпидемиологиялық қатер аймағына байланысты карантиндік шектеулер: «жасыл» аймақта-шектеусіз, «сары» және «қызыл» аймақтарда толымдылығы бөлігінде карантиндік шектеулер жеңілдетілді және жұмыс режимі бойынша шектеулер мүлдем алып тасталды. 13) Президенттің тапсырмасы бойынша «Қазақстан халқына» қоры құрылған болатын. Сараптама комитетінің шешімі бойынша қор реабилитолог-нұсқаушыларды оқытуды көздейтін «Тұсаукесер» жобасына демеушілік көрсететін болды. Сондай-ақ, жұлын бұлшықетінің атрофиясы (ҚМС), Дюшеннің бұлшықет дистрофиясы аурулары бар 24 бала мен 2 ересекті дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жобасын 9,7 млрд теңгеге қаржыландырады. Бұдан бөлек, қор SMA диагнозы бар төрт бала үшін әлемдегі ең қымбат дәрі – Zolgensma сатып алатындығы хабарланған болатын. Өкінішке қарай, кішкентай науқастардың бірі препаратты күтпестен қайтыс болды. Айта кетейік, қазір жүзеге асырылып жатқан тапсырмалардың саны алдағы уақытта арта түспек. Себебі, 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жыл сайынғы Жолдауы жарияланады. Тағы оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары: ақпан айында не істелді?