Ақылбек КҮРІШБАЕВ, Сенат депутаты: «Аманат» сөзінің өзі халықтың үмітін ақтап, мүддесін қызғыштай қорғау дегенді білдіреді

ашық дереккөзі
Бүгін партияның аты ғана өз­герген жоқ, ең бастысы оның мәні мен жұмысының мазмұны да өзгермек. Басқаша болмайды. Біз елі­міз­де жүйелік саяси трансфор­ма­ция жүріп жатқанын, оли­гарх­­тардың экономикасы құл­дырап жатқанын түсінуіміз қажет. Ең бастысы, біз нақ ха­лық­тың өзі мемлекеттік билік­тің қайнар көзіне айналатын әділ демократиялық қоғамды құруға бет аламыз. Бұл жағдайда биліктегі партия қалайша өзгеріссіз қалмақ?! «Аманат» деген сөздің өзі ата-баба мұрасын сақтап, оның құндылықтарын орындау дегенді ғана білдірмейді, ха­лықтың үмітін ақтап, мүддесін қызғыштай қорғау дегенде мән жатыр. Сондықтан ең алдымен бұл жаңар­ған партия халықтың сенімін қайтара алуы қажет. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Партияның ребрен­дин­гі – бұл оның атауын өзгертіп, маңдайшасын ауыс­тыру ғана емес. Бірінші кезекте – барлық партия ісін қай­та құру», – деді.

Ақылбек КҮРІШБАЕВ, Сенат депутаты