Ақылбек КҮРІШБАЕВ, Сенат депутаты: «Аманат» сөзінің өзі халықтың үмітін ақтап, мүддесін қызғыштай қорғау дегенді білдіреді
Ақылбек КҮРІШБАЕВ, Сенат депутаты: «Аманат» сөзінің өзі халықтың үмітін ақтап, мүддесін қызғыштай қорғау дегенді білдіреді
Бүгін партияның аты ғана өзгерген жоқ, ең бастысы оның мәні мен жұмысының мазмұны да өзгермек.
Басқаша болмайды. Біз елімізде жүйелік саяси трансформация жүріп жатқанын, олигархтардың экономикасы құлдырап жатқанын түсінуіміз қажет. Ең бастысы, біз нақ халықтың өзі мемлекеттік биліктің қайнар көзіне айналатын әділ демократиялық қоғамды құруға бет аламыз.
Бұл жағдайда биліктегі партия қалайша өзгеріссіз қалмақ?!
«Аманат» деген сөздің өзі ата-баба мұрасын сақтап, оның құндылықтарын орындау дегенді ғана білдірмейді, халықтың үмітін ақтап, мүддесін қызғыштай қорғау дегенде мән жатыр. Сондықтан ең алдымен бұл жаңарған партия халықтың сенімін қайтара алуы қажет.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев: «Партияның ребрендингі – бұл оның атауын өзгертіп, маңдайшасын ауыстыру ғана емес. Бірінші кезекте – барлық партия ісін қайта құру», – деді.
Ақылбек КҮРІШБАЕВ, Сенат депутаты