Адамдар Шымбұлақта жүрген тау барысын видеоға түсіріп алды

Адамдар Шымбұлақта жүрген тау барысын видеоға түсіріп алды

Адамдар Шымбұлақта жүрген тау барысын видеоға түсіріп алды
ашық дереккөзі
Туристер Шымбұлақ тау-шаңғы курортында тау етегіне түскен барысты видеоға түсіріп алған деп хабарлады turkystan.kz. Бейнежазбадан қар барысының алаңсыз жоғары шығып бара жатқанын көруге болады. Көлік ішінде отырған куәгерлердің таңғалысында шек жоқ.
«Шымбұлақ, қар барысы. Мәссаған, не деген әдемі!» - деп таңғалды куәгерлердің бірі.
Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі өкілдерінің айтуынша, туристердің түсірген бейнежазбасы - сирек кездесетін оқиға.
«Шымбұлақ шатқалында туристер түсірген қар барысының видеосы көпшіліктің назарын аударып, қызығушылығын тудырды. Барыс нақ осы түсірілім болған жерде тұрақты мекендемейді. Оның бұл аймаққа келуі қорегі саналатын тұяқты жануарлардың (елік, сібір тауешкісі, т.б.) миграциясына тікелей байланысты болуы мүмкін», - деп хабарлады Іле Алатауы МҰТП Ғылыми-зерттеу жұмыстары және таулы агробиоәртүрлілік бөлімінен.