Соңғы екі айда 40 басшы сыбайлас жемқорлыққа жол берген

Соңғы екі айда 40 басшы сыбайлас жемқорлыққа жол берген

Соңғы екі айда 40 басшы сыбайлас жемқорлыққа жол берген
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Олжас Бектеновты қабылдады. Ведомство басшысы биылғы атқарылған жұмыстардың нәтижелері және резонанс тудырған қылмыстық істердің тексерілу барысы туралы есеп берді деп жазды turkystan.kz. Ұсынылған деректерге сәйкес, 2 айдың ішінде 240 адамның, оның ішінде республикалық және облыстық деңгейдегі 40 басшының сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар екені әшкереленген. Олардың қатарында 1 вице-министр, 1 қала әкімі және облыстық басқармалардың 11 жетекшісі бар. Келтірілген шығынның орнын толтыру үшін күдіктілердің 5,4 миллиард теңге болатын мүлкіне тыйым салынды. Президентке сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «тазалығын» қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылуы туралы мәлімет берілді. Салалық ведомство жетекшесінің айтуынша, ақпан айында Парламент Мәжілісі негізсіз байығаны үшін жауапкершілік туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Квазимемлекеттік сектордағы комплаенс қызметтерінің жұмысына, сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың дербес жауапкершілігі институтын жетілдіруге ерекше көңіл бөлінді. Бұдан бөлек, қазір «follow the money» қағидаты бойынша қаржылық тергеуді дамытуға, пара беру жөнінде уәделесуге және пара ұсынуға қатысты қылмыстық жауапкершілікті енгізуге және сыбайлас жемқорлық үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейтуге бағытталған заңнамалық шаралар топтамасы пысықталып жатыр. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы Олжас Бектеновке Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасын тиімді жүзеге асыруға және сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.