Жаңалықтар

«Соғысты тоқтатпауын сұраймын»: Қадыров тағы да мәлімдеме жасады

ашық дереккөзі

«Соғысты тоқтатпауын сұраймын»: Қадыров тағы да мәлімдеме жасады

Рамзан Қадыров Ресей әскерінің Украинадағы операциясына жоғары баға берді. Ол Путиннен осы бетінен қайтпауын сұрады деп хабарлады turkystan.kz. Eadaily.com басылымының хабарлауынша, Қадыров Ресей Президентіне ұлтшылдардың көзін жойып, Шешенстанды тастап кеткен шайтандарды құрту керектігін айтқан. «Олар Украинаны қорғаймыз дейді. Егер олар Шешенстанды қорғағандай күресеміз десе, барлығы түсінікті. Тек Украинаның тегін нанын жеп, келесі мемлекетке қашып кетеді», - дейді Рамзан Қадыров. Ол Украинадағы арнайы әскери операцияны әрі қарай жалғастыру керектігіне сенім білдірді. «Бас қолбасшы Владимир Путиннен арнайы операцияны тоқтатпауын сұраймын. Біз Украинаны тазартып, босатып жатырмыз. Ұлтшылдарды жою мақсаты іске асуда. Мен Ресей әскерилері де осындай ойда деп ойлаймын. Әскерилер менен операцияны тоқтатпауды сұрауда. Қанға белшесінен батқан Украина билігі біздің әділ талаптармен келіспейді», - деді Қадыров.