«Әйтпесе, Ресей Берлин қабырғасына дейін барады» - Зеленский

«Әйтпесе, Ресей Берлин қабырғасына дейін барады» - Зеленский

«Әйтпесе, Ресей Берлин қабырғасына дейін барады» - Зеленский
ашық дереккөзі
Украина Президенті Владимир Зеленский Батыс елдерін Украина әуе кеңістігін Ресей ұшақтарынан жауып беруді талап етіп отыр деп хабарлады turkystan.kz «Европейская правда» агенттігіне сілтеме жасап. Ол Ресей ұшақтарының әуеден жасаған шабуылдары салдарынан көптеген бейбіт тұрғындардың қаза тауып жатқанын, соған байланысты көптеген елдердің басшыларына, соның ішінде Президенттер -  Байден мен Макронға, канцлер Шольцке елдің аспанын жауып беруді өтінгенін айтты.
«Егер сіздер қазір аспанды жауып бермесеңіздер, бізге оның уақытын айтыңыздар. Біз аспанымыздың жабылғанын қалаймыз. Өйткені, бейбіт халық «Градтар», «Искандерлер», ұшақтар, бомбардировщиктердің соққыларынан қаза тауып жатыр. Әйтпесе, Ресей Берлин қабырғасына дейін барады», - деді ол.