"Жұлдыздар тоғысқанда" фильмі Францияда өтетін феcтивальде көрсетілмек

"Жұлдыздар тоғысқанда" фильмі Францияда өтетін феcтивальде көрсетілмек

"Жұлдыздар тоғысқанда" фильмі Францияда өтетін феcтивальде көрсетілмек
ашық дереккөзі

ҚР мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша түсірілген «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмі Францияның Онфлёр қаласында өтетін XXIV Ресейлік кино фестивалінде (Festival du Cinema Russe) «Ерекше құбылыс» бағдарламасы аясында көрсетіледі. Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлайды. Фильмнің режиссері Сергей Снежкин.

Естеріңізге сала кетсек, аталмыш фильмнің  тұсаукесері 2016 жылы сәуірде Астана қаласында өтті. Картина Мәскеу қаласындағы «Кино үйінде» және Ресей Федерациясының мәдениет министрлігінде, сонымен қатар Халықаралық Жібек жолы кинофестивалінде арнайы көрсетілген болатын.

Ресей киносының фестивалі әлемнің түкпір-түкпірінен танымал киногерлердің қатысуымен өтетін ең ауқымды фестивальдердің бірі.  Биыл фестиваль аясында Ресей, Қазақстан, Франция және АҚШ елдерінен іріктелген барлығы 26 фильм көрсетіледі. Қазылар алқасының төрағасы – жазушы және продюсер Фредерик Бегбедер. Сондай-ақ, фестивальдің үздіктерін продюсер Мэй Шен Шале, актриса Сирьель Клэр, актриса Криста Тере, актриса Виктори Оллокуи және киносыншы Филипп Руйе анықтайтын болады.

Фестиваль Ресей Федерациясының мәдениет министрлігі, Франциядағы Ресей Федерациясының елшілігі, «Мосфильм» киноконцерні, Кальвадос Бас кеңесі және Кальвадос мәдени жобалар департаменті ұйымдастыруымен өтеді.

«Жұлдыздар тоғысқанда» көркем фильмі 26 қарашада сағат 14:00-де «Henri-Jeanson» кинотеатрында француз тіліндегі субтитрлерімен көрсетіледі.