«Кезексіз үй алып беремін»: алаяқ екі адамды 6 млн теңгеге алдап кеткен

«Кезексіз үй алып беремін»: алаяқ екі адамды 6 млн теңгеге алдап кеткен

«Кезексіз үй алып беремін»: алаяқ екі адамды 6 млн теңгеге алдап кеткен
ашық дереккөзі
Шымкент қаласындағы Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті екі тұрғын арызданған. Олар алаяқтың арбауына сеніп, қомақты қаражаттарынан айырылған деп жазды turkystan.kz. Әйелдер өз арыздарында мемлекеттік бағдарлама арқылы кезексіз үй алып беруге уәде берген бейтаныс әйелге алданып қалғанын айтқан. Осылайша, күдікті алаяқтық жолмен біреуінен 5, ал екіншісінен 1 миллион теңге алған. Бірақ кейін телефонын өшіріп, байланысты үзген. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы («Алаяқтық») бойынша тіркеді. Қаратау аудандық ПБ тергеу бөлімінің қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталды. Тергеу барысында оның бұған дейін де алаяқтық бойынша істі болғаны анықталды.