Жаңалықтар

Қазақ боксшысы қарсыласын бірінші раундта есінен тандырды

ашық дереккөзі

Қазақ боксшысы қарсыласын бірінші раундта есінен тандырды

Қазақстандық боксшы Бахтияр Анарбаев жастар арасындағы Азия чемпионатының алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа түсірді деп жазды turkystan.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап. Бүгінде Йордания астанасы Амманда бокстан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Турнирдің екінші жарыс күні рингке Қазақстаннан 6 боксшы шығып, оның бесеуі келесі кезеңге өтті. Бахтияр Анарбаевтан бөлек, Акбар Бисарев пен Ислам Советов жекпе-жекті мерзімінен бұрын өз пайдасына аяқтады. Тағы екеуі – Алмат Абдуали және Мадияр Тайпақов төрешілер шешімімен жеңіске жетті.