Украинаға соғысуға шетелден еріктілер келіп жатыр (ВИДЕО)

Украинаға соғысуға шетелден еріктілер келіп жатыр (ВИДЕО)

Украинаға соғысуға шетелден еріктілер келіп жатыр (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Шетелдерден алғаш рет 16 мың ерікті келіп, Украинаның тәуелсіздігін қорғау соғысына қатысқалы жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Украина Президенті Владимир Зеленский халыққа арнаған видеоүндеуінде осы туралы да айтты.
«Украина күн сайын достарымыздан қару-жарақ алып жатыр. Шетелден де бізідң тәуелсіздігімізді қорғауға еріктілер көптеп келуде. Алғашқы 16 мың адам келді. Олар өмірімізді қорғайды. Біз үшін соғысады. Бәрі жақсы болады. Мен сенімдімін», - деді ол.
Зеленский 27 ақпан күні шетелдіктерді Украинада жаңадан құрылып жатқан интернационалды легионға кіріп, Ресей әскерлерімен соғысуға шақырған болатын. Ал жақында ол жарлық шығарып, легионға келе жатқандарды ел шебінен визасыз кіргізуге тапсырма берді. Еріктілер қатарында әлемнің көптеген елдерінің өкілдері бар.