Аудан әкімі Момышұлы мен Қошқарбаевтың атына көше беруге қарсы шықты (ВИДЕО)

Аудан әкімі Момышұлы мен Қошқарбаевтың атына көше беруге қарсы шықты (ВИДЕО)

Аудан әкімі Момышұлы мен Қошқарбаевтың атына көше беруге қарсы шықты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев Щучье қаласында Халық қаһармандары Бауыржан Момышұлы мен Рақымжан Қошқарбаевтың атына көше беруге қарсы шықты деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы белгілі журналист Анар Төлеухан Facebook-тегі парақшасына жазды.
­«Златополье, Савинка, Сосновка, Дмитриевка, Сотниковка, Николаевка, Вишневка, Успеноюрьевка, Брусиловка, Клинцы, Красный Кордон, Зеленый бор, Лесной хутор, Новоандреевка. Бұл - бір ғана Бурабай ауданындағы ауылдардың аттары. Ресей емес, Қазақстан. Жалпы, Ақмола облысын көлікпен араласаңыз (қараңызшы, бәрі орысша), Степногор қаласы, Целиноград, Астрахан аудандарын басып, Щучинск, Балкашино, Державинка, Степняк қалаларына жеткенше Константиновка, Бауманское, Михайловка, Ярославка, Малотимофеевка, Малиновка, Капитоновка және тағы да басқа көптеген вка ауылдарды көресіз. Бейне бір жат елде, жат жерде жүргендей боласыз», - дейді журналист.
Одан кейін ол қазіргідей алмағайып уақытта елді алаңдататын жазба салғысы да келмейтінін, алайда, тірлік жалғасып, елімізде оң өзгерістерді күтетіндіктен, таза үндемей отыра алмайтынын айтты.
«Өзгерсе екен. Ел түтіні түзу ұшса, жеткіншектер өз жерінде, өз елінде екенін сезініп, кеуделерін Отанға деген сүйіспеншілік кернеп, Құдай салмасын, егер қажеттік туса жандарын да аямаса, украин ұл-қыздарындай дейсің. Ал аяқ бассаң вкамен қайда ұзайсың? Еріксіз қарсылығың хатқа түседі, бодандықты еске салатын атаулардан құтылу, керек десе, мемлекеттік іс емес пе деп. Ақмола облысы Бурабай ауданының әкімі Әсет Мұздыбаев Щучинск қаласының көшелеріне Б. Момышұлы мен Р. Қошқарбаевтың есімін беруге қарсы шығып, ономастикалық комиссияның шешімін тоқтатып тастапты. Қалай жазбайсың енді?! Міне, мына бейнелерді көріңіз, ішінде бір орыс жоқ, өңкей қазақ шүлдірлеп, ер Баукең мен ту жықпаған Рахымжанға ат бермеймін деп отыр», - деп ашынды әріптесіміз.