«Қазақстанда нақты жұмыссыздар – 2 миллион адам» – KPMG

«Қазақстанда нақты жұмыссыздар – 2 миллион адам» – KPMG

«Қазақстанда нақты жұмыссыздар – 2 миллион адам» – KPMG
ашық дереккөзі
Әлемнің 147 елінде аудиторлық, салықтық және консультациялық қызметтер көрсететін фирмалардың халықаралық желісі KPMG сарапшылары Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесіне талдау жасады деп жазды turkystan.kz.
«Жоғары мінберлерден «өзін-өзі жұмыспен қамтығандар» және «бейресми жұмыспен қамту» сияқты ұғымдар көп айтылады. Осылайша, Қазақстандағы жұмыссыздықтың нақты деңгейі бүркемеленіп келеді. Ресми статистика бойынша, елдегі жұмыссыздық деңгейі – 4,9 пайыз. Яғни, еңбекке қабілетті 9,2 миллион азаматтың 450 мыңы жұмыссыз деген сөз. Егер қолжетімді деректерге сүйеніп, уақытша жұмыспен қамтылмаған жұмыссыздар, жасырын жұмыссыздық және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыссыздардың қатарына қоссақ, онда жұмыссыздық деңгейі 20 пайызды (2 миллион адам) құрауы мүмкін», - деді KPMG Орталық Азия бойынша басқарушы серіктесі Сәкен Жұмашев.
KPMG есептеулеріне сәйкес, қазір ел бойынша уақытша жұмыспен қамтылмаған және белгіленген нормадан аз жұмыспен қамтылған 240 мыңнан 420 мыңға дейінгі адам тұрақты жұмысқа мұқтаж. Ал 28 мың адам жасырын жұмыссыздардың құрамына кіреді. Олар еңбек қатынасын сақтағанымен, іс жүзінде жұмыс істемейді.