Сәрсенбі, 5 Қазан, 2022

«Чернобыльден 10 есе жойқын болады»: Еуропадағы ең ірі АЭС-те өрт шықты (ВИДЕО)

Өткен түнде Украинадағы Энергодар қаласы маңында әскери қақтығыс болды. Салдарынан Запорожье атом электр станциясына соққы жасалып, қауіпті нысанда өрт шықты деп жазды turkystan.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба атом электр станциясындағы өртке ресейлік әскердің шабуылы себеп болғанын мәлімдеді.

«Ресей әскері Еуропадағы ең ірі атом электр станциясы – Запорожье АЭС-ін жан-жақтан атқылап жатыр. Өрт қазірдің өзінде тұтанып үлгерді. Егер ол жарылса, Чернобыльден 10 есе жойқын болады. Ресей тез арада атысты тоқтатуы керек. Өрт сөндірушілерге қауіпсіздік орнатуға мүмікіндік қажет», – деді министр.

Энергодар қаласының мэрі Дмитрий Орлов жұмаға қараған түні жақын маңдағы Запорожье атом электр станциясының ғимараттары мен блоктары үздіксіз шабуылға ұшырағанын айтады. Жоспарлы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірінші энергоблокта апат болған. Алайда АЭС жұмысшыларының айтуынша, одан ядролық отын шығарылмаған.

«Энергоатом» мемлекеттік кәсіпорнының мамандары ЗАЭС-тегі апат бүкіл әлем үшін ауыр және қайғылы зардаптарға әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button