«Саған өзі бізден не керек?..»: Зеленский Путинге үндеу жолдады
«Саған өзі бізден не керек?..»: Зеленский Путинге үндеу жолдады
Украина Президенті Владимир Зеленский отандық және шетелдік журналистерге сұхбат беріп, Путинге үндеу жолдады деп хабарлады turkystan.kz. Кездесуде ол журналистің Ресейге кепілдік бересіз бе деген сұрағына жауап бере келіп, мән-мағынасыз соғыстың ешкімге керек еместігін, Путинмен кездесіп, әскери қақтығысты тоқтатуға дайын екенін айтты.
- Кепілдікті не үшін беру керек? Біз Ресейге шабуыл жасап жатқан жоқпыз. Неге, кімге кепілдік береміз? Біз НАТО-дамыз ба? Жоқ. Бізде ядролық қару бар ма? Жоқ. Мен кімге не беруім керек? Мен тағы не айтуым керек? Сіз түсінесіз бе, бұл да бір ақпараттық бомба ғой. Соғысты тоқтату үшін не істеуіміз керек? Саған өзі бізден не керек?.. Біздің жерімізден жоғалшы өзі! Кеткің келмесе, менімен келіссөзге отыршы! Менің қолым бос. Бірақ Макронмен, Шольцпен сияқты 30 метр арақашықтық ұстамашы. Мен сенің көршіңмін ғой. Мені 30 метрге отырғызудың керегі жоқ. Мен ешкімді тістемеймін. Мен дұрыс адаммын. Менімен сөйлес! Неден қорқасың? Біздің ел ешкімге қауіп төндіріп тұрған жоқ. Біз лаңкес емеспіз. Біз банктерді, бөтен елдің жерлерін басып алып жатқан жоқпыз, - деді ол.Одан кейін Зеленский сұхбатында соғысты тоқтатудың жолдарына, келіссөздерге байланысты сұрақтарға жауап берді.