Ақтөбеде теміржолшылар наразылық білдірді

Ақтөбеде теміржолшылар наразылық білдірді

Ақтөбеде теміржолшылар наразылық білдірді
ашық дереккөзі
Бейнеу мен Шалқар арасындағы темір жол бекеттерінің кезекшілері «Қазақстан темір жолы» басшыларының жаңа жобасына қарсы деп хабарлады turkystan.kz «КТК» телеарнасына сілтеме жасап. Олардың айтуынша, бұл жоспар жүзеге асатын болса, темір жолдағы қатынасқа қауіп төнеді. Қырықтан аса теміржолшы Маңғыстау мен Ақтөбе облысының шектесетін тұсындағы Тассай станциясына жиналған. Олар қолдарына жақында басшылары берген бұйрықты ұстап шықты. Онда жаздан бастап станция бастығы электромеханик жұмысын, ал бекет кезекшілері электромонтер қызметін қоса атқаратындығы айтылған. Оңтайландырудың кесірінен қызметсіз қалғандарына өзге аймақтан жұмыс беріледі, болмаса қысқартуға ұшырайды. Оған теміржолшылар көшіп-қонып жүруге жағдайдың жоқтығын айтады. Ең бастысы, өзіне қатысы жоқ саланы станция кезекшілері қалай атқарамыз деп таңданып отыр. Айта кетсек, Шалқар мен Бейнеу арасындағы темір жол осыдан сегіз жыл бұрын қолданысқа берілген. Екі араға 19 бекет салынған. Ол кезде керісінше маман тапшылығынан жастарды жан-жақтан жинаған.
«Бізді станция кезекшісі қызметінде қалдыруын, ешқандай штат санын азайтпауын, басқа да қызметті біріктіре отырып, қосымша жұмыстарды атқаруға жол бермеуіңізді ұжым болып сұраймыз және талап етеміз!» - дейді жұмысшылар.