Камалетдинов Қазақстан әскерінің не үшін күшейтіліп жатқанын айтты

Камалетдинов Қазақстан әскерінің не үшін күшейтіліп жатқанын айтты

Камалетдинов Қазақстан әскерінің не үшін күшейтіліп жатқанын айтты
ашық дереккөзі
Бүгін Сенатта журналистер Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Камалетдиновтен елімізде әскердің күшейтіліп, оқу-жаттығу жұмыстарының өткізіліп жатқанына, запастағы офицерлердің қайта шақырылғанына не себеп болғанын сұрады деп хабарлады turkystan.kz.
«Кез келген агрессияны жоюға дайын болу – олардың негізгі мақсаты. Сондықтан сабақтар, түрлі жаттығулар өткізіледі. Оның үстіне, осы кезеңде роталар мен батальондардың реттелуі жүріп жатыр. Сондықтан Қазақстан аумағы бойынша техниканың орны ауысады», - деп жауап берді вице-министр.
Сондай-ақ, ол кеше Мемлекет басшысы кеңес өткізіп, алға Қарулы Күштерді жаңғырту жөнінде бірқатар міндет қойғанын атап өтті.
«Мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес жоспарланған жаңа қару-жарақ жүйесін сатып алу көзделіп отыр. Әскери-теңіз күштері, Әуе қорғанысы күштері үшін броньды танк, зымыран-артиллериялық қару-жарақ техникасы сатып алынады», - деді Камалетдинов.
Бұдан бөлек, ол запастағы офицерлерді мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Үкімет қаулысының шыққанын да растады. Айтуынша, запастағы 190 офицердің 150-і ҚР Қарулы Күштеріне барады екен.