Жаңалықтар

Камалетдинов Қазақстан әскерінің не үшін күшейтіліп жатқанын айтты

ашық дереккөзі

Камалетдинов Қазақстан әскерінің не үшін күшейтіліп жатқанын айтты

Бүгін Сенатта журналистер Қорғаныс вице-министрі Сұлтан Камалетдиновтен елімізде әскердің күшейтіліп, оқу-жаттығу жұмыстарының өткізіліп жатқанына, запастағы офицерлердің қайта шақырылғанына не себеп болғанын сұрады деп хабарлады turkystan.kz. «Кез келген агрессияны жоюға дайын болу – олардың негізгі мақсаты. Сондықтан сабақтар, түрлі жаттығулар өткізіледі. Оның үстіне, осы кезеңде роталар мен батальондардың реттелуі жүріп жатыр. Сондықтан Қазақстан аумағы бойынша техниканың орны ауысады», - деп жауап берді вице-министр. Сондай-ақ, ол кеше Мемлекет басшысы кеңес өткізіп, алға Қарулы Күштерді жаңғырту жөнінде бірқатар міндет қойғанын атап өтті. «Мемлекеттік қорғаныс тапсырысына сәйкес жоспарланған жаңа қару-жарақ жүйесін сатып алу көзделіп отыр. Әскери-теңіз күштері, Әуе қорғанысы күштері үшін броньды танк, зымыран-артиллериялық қару-жарақ техникасы сатып алынады», - деді Камалетдинов. Бұдан бөлек, ол запастағы офицерлерді мерзімді әскери қызметке шақыру туралы Үкімет қаулысының шыққанын да растады. Айтуынша, запастағы 190 офицердің 150-і ҚР Қарулы Күштеріне барады екен.