Қазақстандық дәрі-дәрмек компаниялары Украинаға көмек көрсетуден бас тартқан

Қазақстандық дәрі-дәрмек компаниялары Украинаға көмек көрсетуден бас тартқан

Қазақстандық дәрі-дәрмек компаниялары Украинаға көмек көрсетуден бас тартқан
ашық дереккөзі
Қазақстандықтар «Украина, біз біргеміз» штабын құрып, оған 5 күн ішінде 100 миллион теңгеден астам сома аударды деп хабарлады turkystan.kz.
«Бүгін менің картама тағы 8 миллион теңге келіп түсті. Үндістан азаматына тиесілі LS-Pharm компаниясы бізге қолұшын созды. Әртүрлі ұлт өкілдері көмегін аяп жатқан жоқ», – деді штаб мүшесі Тоғжан Қожалиева.
Осы орайда, ол отандық дәрі-дәрмек компанияларының көмек көрсетуден бас тартқанын, қарапайым азаматтардың көбірек көмектесіп жатқанын айтты. Ал ұйымдастырушы Динара Мелиханованың айтуынша, осы 5 күн ішінде ұйымға 500-ге жуық ерікті тіркелген.
«Бізге адамдар көптеген дәрі-дәрмек пен киім әкеліп жатыр. Air Astana компаниясымен ұйымдастыру жұмыстарын талдадық. Олардың тарапынан жақсы қолдау болғандықтан, алғыс айтқым келеді. Өйткені, қазір әуе тасымалына байланысты қиындықтар бар. Бұған дейін ұйымдастыру тобында тек 4 адам болған еді. Қазір жұмысты толық реттедік. Екі күнде жүйені автоматтандыратын боламыз. Жуырда call орталықтар іске қосылып, қажет заттар протоколын әзірлейміз», – деді Динара Мелиханова.
Украинаның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Петр Врублевский қазақстандықтарға көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
«Қару-жарақ пен әскери техника сатып алуға жұмсамаймыз. Бұл тек адамдарға гуманитарлық көмек көрсету үшін жұмсалады», – деді ол.