Спортшылар түгілі, ресейлік мысықтар да санкцияға ұшырады

Спортшылар түгілі, ресейлік мысықтар да санкцияға ұшырады

Спортшылар түгілі, ресейлік мысықтар да санкцияға ұшырады
ашық дереккөзі
Халықаралық мысықтар федерациясы (FIFE) Ресейден келген мысықтарға халықаралық көрмелерге қатысуға тыйым салды. Шешім Украинада болып жатқан қақтығыстар аясында қабылданды деп жазды turkystan.kz. Ұйымның сайтында хабарланғандай, 1 наурыздан 31 мамырға дейін Ресейде тұратын бірде-бір мысық шет елде өтетін FIFE көрмесіне жіберілмейді. Сондай-ақ Ресейде өсірілген мысықтарды халықаралық ұйымның асыл тұқымды кітабына шығаруға немесе тіркеуге болмайды.
«FIFE кеңесі Украинадағы жағдайдың шиеленісуіне байланысты зардап шегіп жатқан селекционерлер мен мысықшыларды қолдау үшін өз бюджетінің бір бөлігін бөлу туралы шешім қабылдады», - делінген хабарламада.
Халықаралық мысықтар федерациясы – 1949 жылы француз Маргарита Равелдің арқасында құрылған халықаралық ұйым. Бүгінде оның құрамына 40 елдің әуесқой клубтары кіреді.