Жаңалықтар

Украинада қала мэрінің бір өзі қаруланған сепаратистерді жиналыстан қуып шықты (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Украинада қала мэрінің бір өзі қаруланған сепаратистерді жиналыстан қуып шықты (ВИДЕО)

Украинаның Кототоп қаласының мэрі Артем Семенихин бір өзі қаруланған сепаратистердің жиналысын таратып жіберді деп хабарлады turkystan.kz. Ол Жоғарғы Раданың депутаты, «Өмір үшін оппозициялық платформасы» партиясы саяси кеңесінің басшысы Виктор Медвечуктың жақтастары жиналыс өткізіп жатқанда бір өзі шу көтеріп, сепаратистерді тайлы-тұяғымен қуып шықты. «Мен осы қаланың мэрімін. Сондықтан бұл жерде сепаратистердің пері ойнағына жол бермеймін. Сендер қанішерсіңдер! Сендердің қолдарыңнан украин әскерлері қаза тауып жатыр. Ендігәрі осы жерге келсеңдер, терезеден атып шығасыңдар! Сендерге қаладан шығуға 10 минут беремін. Сендер Конотопта жүрсіңдер. Біздің қалада екі әйелдің бірі «мыстан» мерген. Әуретті жерлеріңнен айрыласыңдар», - деп сепаратистердің қағаздарын беттеріне лақтырып, шыныларды сындырып, сес көрсетті. Осыдан кейін жиналғандар орындарынан тұрып, қашып кеткен.