Қазақстанның мақтанышы болған ірі кеніш 2023 жылы жабылады

Қазақстанның мақтанышы болған ірі кеніш 2023 жылы жабылады

Қазақстанның мақтанышы болған ірі кеніш 2023 жылы жабылады
ашық дереккөзі
Қолмен бұрғылау 90%-ға дейін азайтылған алып кен орны – Тишин кеніші соңғы жылдары автоматикамен, роботтармен, пилотсыз жүретін машиналармен қамтамасыз етілген болатын. Енді жоғары технологиямен «мұздай қаруланған» кеніш келер жылы жабылып тынатын болды деп жазды turkystan.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. Тишин кеніші Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан. Тәуелсіздік жылдарында кеніш «Қазмырыш» (Kazzinc) компаниясына берілді. Бұл кеніш бұрынғы биліктің бір мақтанышы болатын. Себебі, ол - жоғары деңгейде автоматтандырылған, тау-кен жұмыстары адамсыз, өздігінен жүретін шахталық машиналармен жүзеге асырылатын Қазақстандағы тұңғыш кеніш. Жер астын ұңғылаған бұл кәсіпорын 1,4 миллион тоннаға дейін полиметал рудасын сыртқа шығарады. Оның құрамындағы мырыш орта есеппен әр тоннада 5,3%, мыс және қорғасын – 1%. Осының өзі елімізді оқ-дәрімен қамтуға жетер еді. Ғалымдар Тишин кенішіндегі барланған және болжамды кен қоры өндірудің ағымдағы деңгейінде тағы 20 жылға жететінін айтып жүр. Бір атап өтерлігі, «Қазмырыш» тау-кен металлургиялық корпорациясы акциясының 69,7%-ына швейцариялық Glencore иелік етеді. Жаһандық бұл алпауыт компания әлемдегі табысы азайған өзге кендерін де жауып, оңтайландыру жүргізіп жатыр. Glencore өз есебінде Қазақстандағы Тишин кенішінің 2023 жылы жабылатынын мәлімдеді. Glencore есебінде көрсетілгендей, «Қазмырыштың» мырыш өндірісі 2021 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда, бірден 18%-ға, яғни 23,6 мың тоннаға азайып кеткен. Бұл ретте Тишин кенішін игерудің жоспардағыдан баяу жүруіне қауіпсіздікті сақтау амалдары да ықпал еткен көрінеді. Сарапшылар кеніштің жабылуына өндірістің төмендеуі сыртында әлемдегі күрделі жағдай да ықпал етуі мүмкін деген болжам айтады.