Ресей мен Беларусь спортшылары Паралимпиададан шеттетілді

Ресей мен Беларусь спортшылары Паралимпиададан шеттетілді

Ресей мен Беларусь спортшылары Паралимпиададан шеттетілді
ашық дереккөзі
Халықаралық паралимпиада комитеті (IPC) Ресей мен Беларусь спортшыларын Украинадағы шиеленісті жағдайға байланысты Бейжіңдегі ойындарға қатыстырмау туралы шешім шығарды деп жазды turkystan.kz IPC ресми сайтына сілтеме жасап.
«Отырыс қорытындысы бойынша IPC басқармасы Ресей мен Беларусь спортшыларының Бейжіңде өтетін қысқы Паралимпиада ойындарына қатысуға берген өтінімдерін қабылдамауға шешім қабылдады. Бұл дегеніміз - осы елдерден келген паралимпиадалық спортшылар 4 наурызда басталатын ойындарға қатыстырылмайды деген сөз», - делінген хабарламада.
Баспасөз қызметі көптеген ұлттық комитеттер, командалар мен спортшылар ресейліктермен және беларусьтермен бәсекелесуден бас тартқанын айтты. Осыған байланысты жарыстар қауіп төндірді. Еске сала кетсек, кеше ғана ХПК бұл екі елдің спортшыларына жарысқа бейтарап күйде қатысуға рұқсат берген болатын.