Жаңалықтар

Партия ел аманатын арқалайды

ашық дереккөзі

Партия ел аманатын арқалайды

Тамыры терең тарихымыз, мәдениет пен әдебиет, тіл мен салт-дәстүрі – Тәуелсіз қазақ елінің баға жетпес асыл мұрасы. Осы құндылықтарды біртұтас елдің ортақ мүддесі үшін аманат ретінде көздің қарашығындай сақтап, дамуына жағдай жасау – партияның алға қойған басты міндеттерінің бірі. Партияның басты күші – халық. Партияның бүгіні мен ертеңі халыққа тығыз байланысты. Халықтың мұң –мұқтажын жеткізу – партияның негізі ұстанымы. Партия барлық реформаға ұйытқы болуға тиіс. Ол үшін өзгерісті алдымен өзімізден бастауымыз керек. Сондықтан бүгінгі күн тәртібіндегі негізгі мәселе – партияны жаңғырту. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Аманат» партиясының бағыт-бағдарын, жаңа міндеттерін айқындап берді. Атап айтқанда, партия аппаратының тиімділігін арттыру, азаматтардың мүдделері мен партияның ашықтығына ықпал ету, Мәжіліс пен мәслихаттардағы фракциялардың қызметін жаңдандыру, саяси кадрларды даярлау міндеттері тұр. Партия еліміздің жаңа кезеңге қадам басқан уақытымен тұспа-түс модернизацияланады.Қазір бүкіл әлемде ахуал күрделеніп жатыр. Заман, қоғам, адам өзгеріп жатқанда партияның өзгеруі заңдылық. Сондықтан бұл - уақыт талабы. Осыған орай жоғарыда айтылғандай, саяси ұйымның атауын «Аманат» деп өзгерту өте дұрыс шешім. Менде аудандық мәслихат  депутат  ретінде «АМАNАТ» деп қайта аталуын өзгерістің нышаны ретінде қабылдадым. Саяси партия халық мүддесі үшін жұмыс істейтін партия. Оның «АМАNАТ» деп аталуының өзі  үлкен міндет пен сенім жүктейді. Партияда үлкен өзгерістер орын алады деп нық сеніммен айта аламын.  Мемлекет басшысының «Жаңа Қазақстанды» құру идеясының аясында бірігіп, топтасудамыз. Бұл жаңа мақсаттар мен нақты міндеттер айқындайды. Заман талабын өзгеріп жатқан кезеңде әрқайсымыз еліміздің жан-жақты дамуына өз үлесімізді қосуымыз қажет. Президенттің саяси партия туралы айтқан тың  қағидаттары ел көкейінен шығады.  Партия сайлаушылардың аманатын орындау арқылы елге қызмет ететін болады.  Өңіріміз бойынша қабылдау бөлмелері мен қоғамдық кеңестері арқылы халықтың мұң-мұқтажына көңіл аударып, қордаланған мәселелердің оң шешім табуына ықпал етеді. Аманатқа қиянат жасалмаған жағдайда қоғамда адамдар арасындағы бауырмалдық, сенім мен мейірім күшейеді, ел ішінде ырыс-берекенің арта түсетіні сөзсіз. Жаңа Қазақстанды өркендетудің тағы бір жолы - зиялы, көзі ашық, тәрбиелі жастардың қатарын арттыру – ата-ананың, қоғамның және мемлекеттің мойнындағы аманат деп білеміз. Сондықтан партия отбасы институтының тұрақты болуына, ұлттық құндылықты сақтай отырып, бала тәрбиесіне, ана мен баланың құқығының қорғалуына баса назар аударатын болады.

Қарлығаш ТҮСІПБЕКОВА,

«АМАNАТ» партиясы Павлодар облысы Май аудандық филиалының атқарушы хатшысы