Астанадан Израильге рейс ашылады

Астанадан Израильге рейс ашылады

Астанадан Израильге рейс ашылады
ашық дереккөзі
2017 жылдың соңында не 2018 жылы Астана мен Тель-Авив арасында тікелей әуе рейсі ашылатын болады. Бұл туралы  Қазақстан-Израиль сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі 7-ші отырыс барысында Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Талғат Ластаев мәлім етті. Оның айтуынша, 1995 жылы екі елдің арасындағы келісімге сәйкес Алматы мен Тель-Авив арасында тікелей әуе рейсі ашылған. Ендігі уақытта Қазақстан тарабы дәл осындай рейсті Астана мен Тель-Авив арасында ашуғ кірісті. «Біздің тараптан Израиль Премьер-министрі  Нетаньяху желтоқсан айының ортасында Қазақстанға жасайтын сапары аясында жаңа құжатқа қол қойып, оған Астананы қосу және рұқсат етілген рейс санын көрсету жайында ұсыныс білдіреді. Яғни, ұшуларды бастауға құқықтық база жасау қажет. Біз осындай ұсыныс жасаймыз және сапар аясында қол қоюға дайынбыз», — деді ол. Ластаевтың сөзіне қарағанда, Эйр Астана компаниясы 2017 жылдың соңында немесе 2018 жылдың басында Астана мен Тель-Авив арасында әуе қатынасын орнатуды жоспарлауда. «Бұған қоса, біз ЭКСПО кезіне біржақты тәртіппен израильдік әуе компанияар үшін барлық ұшуларға шектеулерді алып тастаймыз. Яғни, израильдік компаниялар тарабынан Қазақстанға ұшып келуге ниет болса, онда біз оны қолдаймыз. Жобаға қатысты біз өз коментарийімізді бердік, израиль тарабы қарады, алмасу болды», — деп атап өтті Ластаев.