Мысыр билігі Сұлтан Бейбарыс мешітін жөндеуге 2 млн доллар бөледі

Мысыр билігі Сұлтан Бейбарыс мешітін жөндеуге 2 млн доллар бөледі

Мысыр билігі Сұлтан Бейбарыс мешітін жөндеуге 2 млн доллар бөледі
ашық дереккөзі
Сенатор Нұртөре Жүсіп Министрлер кабинетін Бейбарыс сұлтанның 800 жылдығын жоғары мазмұнды деңгейде өткізуге шақырды деп жазды turkystan.kz. Депутат өз ұсыныстарын Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановтың атына жолдаған депутаттық сауалда айтты. Ол Еуразия даласының тумасы, Мысырдың ұлы билеушісі Бейбарыс сұлтанның Қазақстан үшін де, Мысыр үшін де маңызы зор екенін атап өтті.
«Қазақстан мен Мысыр арасындағы қарым-қатынас жақсы. Екі елдің басшылары жақында ғана телефон арқылы сөйлесті. Қазақстан мен Мысырды байланыстыратын тарихи тұлғалар бар. Солардың ішінде Сұлтан Бейбарыстың есімі ерекше аталады. Бейбарыс билігі тұсында салынған тарихи ескерткіштер күні бүгінге дейін Каир қаласының сәнін келтіріп тұр», - деді депутат.
Сенатор бұған дейін Мысыр мен Қазақстан Каирдағы Сұлтан Бейбарыс мешітін қалпына келтіру жұмыстарын қаржыландырғанын атап өтті. Жоба 2011 жылдың қазан айында аяқталуы тиіс еді. Алайда араб елдеріндегі саяси және экономикалық дағдарысқа байланысты жаңғырту жұмыстары кейінге қалдырылған болатын. Енді Мысыр билігі мешітті қалпына келтіру жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау үшін қосымша 2 миллион АҚШ долларын бөлетін болды.