Жаңару жолында

Жаңару жолында

Жаңару жолында
ашық дереккөзі
1 наурыз күні «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII съезі өтті. Кезектен тыс съездің күн тәртібінде партияның Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу және «Nur Otan» партиясының модернизациясы мәселелері қаралды. Съезге қатысушылар партияның атын «AMANAT» деп ауыстыруды бірауыздан қолдады. Партияның Саяси кеңесінің құрамы өзгерді Кезектен тыс съезде партияның Саяси кеңесінің құрамы өзгерді. Саяси кеңестің құрамынан Оспанбек Әлсейітов пен Нұрлан Нығматулин шығарылды. Ал олардың орнына Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Президент Әкімшілігінің басшысы Мұрат Нұртілеу, «Астана» медицина университетінің ректоры Қамалжан Надыров, халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының вице-президенті Максим Рожинді енгізу ұсынылды. Бұл ұсынысты съезд делегаттары бірауыздан қолдады. Партияны жаңарту бағдарламасының жоспары таныстырылды Партияның Атқарушы хатшысы Асхат Оралов партия жұмы­сына ке­шен­ді талдау жасалғанын, қо­ғамдық пі­кір мен сарапшылардың ұста­нымы зерттеліп, аймақтардағы пар­тия мүшелерінен ұсыныстар жи­налғанын айтты. Оның сөзінше, ха­лық­ты толғандыратын өткір мәсе­ле­лер­ге, партия туралы қоғамның сы­ны­на жүйелі сараптама жасалған. Адал­дық пен әділдік, нәтижелі жұмыс пен жауап­кершілік, жеделдік пен ашық-тық – қазір қоғамның партияға және оның әрбір мүшесіне қойып отырған басты талабы екенін айтып, нәтиже­сін­де әзірленген партияны жаңарту бағдарламасының жоспарын таныс­тырды. Бірінші халықпен кері байла­ныс жа­сау құралдарының тиімді­лі­гін арт­тыру тетіктері ұсынылды. Ең әуелі партия жанындағы қо­ғамдық кеңестердің құрылы­мын қайта жасақтау керек екенін айт­қан ол кейбір кеңестерде салалық мәселелер бойынша көтеретін сұрақ­тар тым ұқсас болғандықтан, оларды бірік­тіру мәселесін көтерді.
– Республикалық деңгейде – 9, ай­мақ­тарда – 8, аудандарда 5 кеңестен қал­дырған жөн. Ел аумағы бойынша кеңес­тер саны 700-ге қысқарады. Бұ­ған қоса, олардың құрамы да жаңар­ты­­­лады. Белсенділігі төмен кеңес мү­ше­лерінің орнына елдің сөзін сөй­лей­тін тұлғаларды тартамыз, – деді Асхат Оралов. Партия хатшысының сөзінше енді Қоғамдық қабылдау бөл­ме­леріне өтініш берушілер өз өтініш­тері­нің қаралу барысын онлайн ре­жим­де бақылай алатын болады. Кейін­нен партиялық экожүйеге интег­ра­ция­лай отырып, жаңа медиада азамат­тар­дың шағымдары мен сұрақтарына мониторинг жүргізу жүйесі әзірленетін болады. Оған қоса, шалғай елді мекен­дерге Парламент және мәслихат депу­тат­тары, Саяси кеңес мүшелері, фи­лиал­дардың басшылары тұрақты түрде барып тұрмақ. Екінші – аймақтар мен елді ме­кен­дердегі партия құрамын ны­ғайту бойынша жұмысты күшейту мә­с­елесі ұсынылды. – Бастауыш партия ұйымдары – пар­тияның негізі. Қазір олардың саны 4,5 мыңнан асады. БПҰ-ны «округтік БПҰ» құру арқылы ірілендіру жос­пар­ланып отыр. БПҰ төрағаларының бел­сенділігін, ұтқырлығын және жауап­кершілігін арттыру үшін оларды ба­ғалау рейтингін енгізу, партия жо­баларын іске асыру үшін БПҰ-ға пар­тия жарналарының 20 пайызын қай­тару тәжірибесін енгізу ұсынылады, – деді Асхат Оралов.
Сонымен қатар партияның Сая­си ме­неджмент мектебінде биыл 3 мың­нан аса партия мүшесін, оның ішінде депутаттарды, ауыл әкім­дерін, бас­тауыш партия ұйым мүше­ле­рін саяси менеджмент пен комму­ни­ка­цияның жаңа форматтарына үйре­те­тін ке­шен­ді оқыту жүргізілетіні ай­тыл­ды. Партияның жұмысының барын­ша ашық болуы керек, бұл – ұсы­нылған үшінші мәселе. Партияның Атқарушысы хат­шы­сы пилоттық жоба ретінде жүр­гізілген мәслихаттардағы «Nur Otan» де­путаттарының рейтинг жүйесі то­лықтай сынақтан өткенін мәлім етіп, нәтижесін жұртшылыққа жария етуді ұсынды.
– Мұнымен қатар партиялық мо­биль­ді қосымша іске қосылады. Онда азаматтар партияның жұмысы туралы жедел ақпарат алып, қоғамдық маңыз­ды мәселелерге байланысты түрлі сауал­намаларға қатысып, өтініш пен ұсы­ныс-тілектерін қалдыра алады, – деді ол.
Оған қоса, Қоғамдық саясат инс­­­­ти­ту­тының базасында ха­лықты тол­ған­дыратын мәселелер бойын­ша ұсыныстар әзірленетін TALQYLAU тұрақты жұмыс істейтін диа­лог алаңын ашу ұсынысы айтылды. «Нұр Медиа» холдингі базасында Пар­ламент және мәслихат депутат­тары­ның, Үкіметтің партиялық мүше­лері мен жергілікті атқарушы орган­дар­­дың тұрақты брифингтері бар пар­тиялық баспасөз орталығын іске қосу ұсынылды. Партияның Атқарушы хатшысы бұл бастамалар «Ашық партия» бірыңғай тұжырымдамасы аясында іске асырылатынын айтты. Төртінші ұсыныс ретінде пар­тия бақылауын күшейту мәселесі айтылды. Сәуір айында республикалық сай­лауалды бағдарламаның орындалуын тексеру қорытындысы бойынша Мәжілістегі фракцияның кеңей­тілген отырысын өткізу ұсыныл­ғанын еске салған Асхат Оралов бұдан әрі осындай жұмысты өңірлерде жүр­гізуді ұсынылатынын айтты. Мұның бар­лығы сайлауалды уәделердің орын­далуына септігін тигізбек. Бесінші. «Қазіргі өзгерістерге сай партияның басты бағдар­ла­ма­лық құжаттары қайта қаралуы керек» – Ең әуелі партияның жарғысына өз­герістер енгізу керек. Партияның жә­не оның филиалдары төрағасының Бірін­ші орынбасары қызметінің ор­нына Атқарушы хатшы қызметі ен­гізіледі, – деді Асхат Оралов. Партияның стратегиялық құ­жат­тарына өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізу де өте маңызды екенін атап өткен ол қазір арнайы жұ­­мыс тобы 2030 жылға дейінгі «Бақуат­­ты қоғам: онжылдықтың 10 мақ­саты» және 2025 жылға дейінгі Сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағ­дарламаларын қайта қарауға кіріс­кенін айтты. Алтыншы – халықтың өзекті мә­се­ле­лерін ескере отырып, қол­да­ныс­тағы пар­тия жобаларына бірқа­тар жаңа жо­баны іске қосу ұсыныл­ды. Соның ішінде экологиялық ой­лауды қалыптастыруға және қо­ғамда экомәдениетті дамытуға ба­ғыт­­талған «ТазаLike», қоғамның көңіл ауа­нын, әлеуметтік шиеленістің ық­тимал ошақтарын анықтайтын «Әлеу­мет» жобаларын бастау туралы ұсыныс айтылды. Одан бөлек, «Жаңа Қазақ­стан­ға 30 инновациялық идея» жобасы да іске қосылмақ. «Jas Otan» Жастар қанатының жұ­мы­сын толықтай қайта жаңғырту тағы бір орындалуы тиіс маңызды мәселе. Асхат Оралов «Jas Otan» қатарына жас­тар арасында шын беделі бар нағыз көш­басшылар тартылатынын айтты. Одан бөлек, ауыл жастарына арналған «Өрлеу» атты жаңа партиялық жобасы ұсы­нылды. – Оның аясында еліміздің түкпір-түк­піріндегі жастардың тұлғалық дамуына, шығармашылық қабілеттерін шыңдауға арналған, оларды кәсіп ашып, табысты болуға ынталан­дыра­тын кешенді шаралар жүзеге асыры­ла­ды. Бұдан бөлек, жас ұрпақты отан­сүй­гіштікке баулитын «Қайсар» атты жаңа әскери-патриоттық жоба іске қо­сы­ла­ды. Ел қорғайтын, мемлекетімізге қыз­­мет ететін ержүрек азаматтарды тәр­биелеуге басымдық беріледі, – деді ол. Сонымен қатар жастардың мәсе­ле­лерін, оның ішінде NЕET са­на­­тын, сондай-ақ оларды әлеумет­тен­діру әдістері мен шараларын анық­тау бойынша кешенді талдау бас­тала­тыны да айтылды.  width= Партияның аты өзгерді Партияның кезектен тыс съе­зін­де Мәжіліс Төрағасы, па­ла­та­дағы «Nur Otan» фракциясының же­тек­шісі Ерлан Қошанов «Nur Otan» пар­тия­сының атауын «Аmanat» деп өзгер­туді ұсынды. – Ашығын айтқанда, елмен бірге пар­тиямыз да жаңаруы керек, ұйым­ның жұмысын жаңа бағыттармен то­лық­тырып, тиімді жұмыс тәсілдерін ен­гізуіміз керек. Осы орайда партия­мыз­дың аты өзгеріп, жаңаруы керек деп есептейміз. Мұндай өзгерістердің қа­жет екенін өңірлерге барғандағы кез­­десулер кезінде байқадық. Бұл мә­се­ле алдын ала жан-жақты тал­қы­лан­ды, бірқатар ұсыныс айтылды. Партия­ға «Аmanat» деген атау лайық деген тоқ­тамға келдік. Осы елді, осы жерді ба­баларымыз бізге аманат етіп тапсыр­ды, енді біз оны келер ұрпаққа лайық­ты аманаттауға тиіспіз, – деді ол. Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев «Nur Otan» партиясы­ның атын «Аmanat» деп өзгертуді қол­дады. – Заман, қоғам, адам өзгеріп жат­қан­да партияның өзгеруі – заңдылық. Бұл – уақыт талабы. Осыған орай сая­си ұйымның атауын «Аmanat» деп өзгерту ұсынылды. Бұл еліміз үшін де, ұлтымыз үшін де айрықша мәні бар киелі ұғым, – деді Мемлекет басшысы «Nur Otan» партиясының кезектен тыс съезінде. Президент егемендіміз, елді­гіміз бен бірлігіміз, кең-байтақ жеріміз бізге бабалардан жеткен аманат екенін, осы қастерлі құндылықтарымызды көз­дің қарашығындай сақтап, бола­шақ­қа мирас етуіміз керек екенін айт­ты. – Халқымыз ешқашан аманатқа қия­­нат жасамаған. Партия бұл қағи­дат­ты берік ұстанады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Естеріңізге сала кетейік, партия­ның аты осымен екінші рет өз­ге­ріп отыр. 2006 жылғы 22 желтоқ­сан­да партияның аты «Нұр Отан» бо­лып өзгертілген болатын. Мемлекет басшысы: «Аmanat – ха­лық­тың пікірі мен ел мүддесі үшін қызмет ететін негізгі ұйым» Президент еліміздің «Жаңа Қазақ­станды» құру жөніндегі ау­қымды міндетті орындауға кіріс­ке­нін мәлімдеді. Алдымызда мемле­ке­тіміз­дің болашақ тағдырын шешетін аса маңызды жұмыс тұрғанын айтты. Президент өткен айда жүргі­зіл­ген ауқымды сараптамалық жұ­мыстар партия қызметіне маңызды өз­герістер енгізу қажет екенін көрсетті деп атап өтті. Жоғарыда айтылған ұсы­ныстарды қолдай отырып, партия Төра­ғасы бірқатар басым міндетті ай­қындап берді. Мемлекет басшысы, ең алдымен орталыққа тәуелділікті жою және партия аппаратының тиімділігін арттыру қажеттігін атап өтті. – Партия аппаратының жұмы­сын­да бюрократияның теріс сипаттары анық көрінді. Желілік кестелер, есеп беру және қағаз жүзіндегі іс-шаралар сай­лаушылармен тікелей жұмыс іс­теуді екінші орынға сырғытты. Жұмыс­қа құлшынып тұрған азаматтар өз орын­дарын дарынсыз функ­цио­нер­лер­ге беруге мәжбүр болды. Сондықтан ор­талық аппараттың филиалдармен жә­не бастауыш партиялық ұйым­дар­мен өзара іс-қимыл әдістерін толы­ғы­мен қайта қарау қажет. Бюрократия мен қағазбастылықтан үзілді-кесілді бас тарту керек. Аймақтық филиалдар мен бастауыш ұйымдары сайлау­шы­лар­мен өздігінен жұмыс істей алады жә­не жұмыс істеуге міндетті. Орталық ап­парат нұсқаумен басқару тәжі­ри­бесінен арылуға тиіс, – деді Мемлекет бас­шысы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың ай­туын­ша, Мәжіліс пен мәслихат­тар­дағы фракциялардың қызметін жандандыру қажет. – Әлеуметтік желілер мен қала алаң­­дарындағы қоғамдық тал­қы­лау­лар­ды Парламент пен мәслихаттарда өт­кіз­ген жөн. Бұл – аса маңызды мін­дет. Фракциялар депутаттық сауал­дар­мен шектеліп қалмай, парламенттік және қоғамдық талқылаулар мен ашық пі­кірсайыстарға баруға тиіс. Керек бол­са, Үкіметтің нақты мүшелері мен әкім­дерге сенім мәселесін көтеру қа­жет. Барлық деңгейдегі партия депу­таттарының рейтингі алдын ала дайын­­далған есептерге емес, нақты іс­тер мен азаматтардың мәселелерін ше­шуге негізделуі керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы партия орын­далмайтын уәде берме­гені жөн екенін, популизмнен алшақ болу керек екенін айтты. – Партия популизмге салынып, орын­далмайтын уәде бермегені жөн. Сонда Премьер-Министр мен кабинет мүшелерінен қажетті сандарды талап ету­ге де жол берілмейді. Егер осылай жал­ғаса берсе, күдік күшейіп, адам­дар­дың партияға деген сенімі жоғалады. Ал оның партияға кері әсері тиеді. Мұндай көзбояушылықтың салдары адамдардың әлеуметтік көңіл күйіне және ішкі саяси тұрақтылыққа ықпал ете­ді. Бұған, әсіресе геосаяси тұрақсыз­дық жағдайында жол беруге болмайды. Сайлаушылармен кері байланысты күшейткен жөн және осы бағытта қоғам­дық қабылдаулардың әлеуетін барын­ша пайдалану қажет, – деді Пре­зидент. Мемлекет басшысы партиялас­тардың ішінен сенімді адам­дар­ды іріктеп, оларды ілгерілету ісін жалғастырған дұрыс деп санайтынын айтты. Оған себеп – білікті саяси ме­нед­жерлердің тапшылығы. – Ашығын айтқанда, қазір саяси ме­неджерлерді даярлау ісі ақсап тұр. Қа­зіргі жағдайда саяси басшылар түрлі ма­мандармен, жастармен, журна­лис­термен, халықтың барлық өкілдерімен тіл табыса алуы керек. Мұндай адамдар ел арасында аз емес. Әлеуметтік лифтінің жоқтығы – бірден-бір кедер­гі. Жас әрі қабілетті мамандарға мүм­кін­дік бермейміз. Бұл – біздің басты кем­шілігіміз. Партия құрылымында Саяси менеджмент академиясы бар. Осы академияның қызметін күшейту қа­жет, – деді Президент. Мемлекет басшысы осы айтылған міндеттерді мейлінше қыс­қа мерзім ішінде орындау қажет еке­ніне назар аударды. Партия Төрағасы орталық ап­паратқа жұмыс тобын құрып, партияның жаңа тұғырнамасын әзір­леуді тапсырды. Оның айтуынша, Ама­нат – озық ойлау мен әділдіктің, бір­лік пен алға ілгерілеудің партиясы, ха­лықтың пікірі мен ел мүддесін ес­керетін азаматтарымыздың игілігі жо­лында қызмет ететін негізгі ұйым. Мемлекет басшысы Украинадағы ахуал­ға да тоқталып өтті. – Біздің ұстанымымыз – мем­ле­ке­ті­міздің қауіпсіздігін, егемендігі мен ау­мақтық тұтастығын сақтау. Біз – 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік жә­не ынтымақтастық ұйымының сам­­­митін өткізген елміз, бізге еура­зия­лық қауіпсіздік маңызды. Мен бұл тура­лы 10 ақпанда Мәскеуге барған са­парымда айттым. Біз екі мемлекетті ке­ліссөз жүргізіп, ортақ тіл табысуға, уағ­даластық пен келісімге келуге ша­қыра­мыз. Басқа жол жоқ, – деді Мем­лекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев­тың пікірінше, Қазақстан, қажет болса екі елге арағайын болуға дайын. – Мен Қауіпсіздік Кеңесінің оты­рыс­­тарын өткіздім. Үкіметке елдің әлеу­меттік-экономикалық жағдайын да­мыту жөнінде нақты міндеттер жүк­тедім. Біздің экономикамыз санк­ция­ның салдарынан туындаған сын-қа­терлерге қарсы тұруға дайын болуы ке­рек. Алдағы қиындықтар мен сынақ­тар­ды бәріміз бірге еңсереміз деп ой­лай­мын, – деді Президент. Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет бас­шысы ретінде еліміздің қауіпсіздігі мен халқымыздың амандығын қам­та­ма­сыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтынын айтып, сөзін түйіндеді.