Ресей билігі Украинада әскери шығынның барын мойындады

Ресей билігі Украинада әскери шығынның барын мойындады

Ресей билігі Украинада әскери шығынның барын мойындады
ашық дереккөзі
Ресейдің Қорғаныс министрлігі Украинада қанша сарбазы қаза тапқанын айтты деп жазды turkystan.kz Gazeta сайтына сілтеме жасап. Ресми мәлімет бойынша, Украинадағы әскери операция кезінде 498 ресейлік әскери қаза тауып, 1597 адам жарақат алған. Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, шайқаста осы уақыт ішінде 2870 адам қаза тапқан. Бұған дейін әскери қызметшілердің қайтыс болғаны туралы тек губернаторлар хабарлап келген еді. Бұған дейін Украина тарапы 5840 ресейлік әскеридің қаза тапқанын хабарлаған болатын. Сондай-ақ қақтығыстар кезінде ресейлік әскерилер 30 ұшақ, 31 тікұшақ, 211 танк, 862 брондалған патрульдік машина, 85 артиллериялық жүйе, 9 зениттік қондырғы және 355 автокөліктен айырылған. Бірақ бұл ақпараттың қаншалықты рас екені белгісіз.