Kaspi және Halyk Bank акциялары құлдырап жатыр

3 наурыз, 2022 / Қанат Жаңбырбай
ашық дереккөзі
Kaspi және Halyk Bank акциялары құлдырап жатыр Қазақстандық компаниялардың бағалы қағаздары Лондон қор биржасындағы (LSE) сауда-саттықта құлдырап жатыр деп жазды turkystan.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. Атап айтқанда, Kaspi Bank акциялары 2 наурыздағы сауда-саттықта бірден 31,18%-ға, яғни 35,10 долларға дейін арзандады. Ал Halyk Bank күніне 14% немесе 1,4 доллар төмендеді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларының құны 2,73%-ға арзандап, 23,75 долларға дейін түсті.