Германия билігі миллиардердің 600 млн доллар тұратын яхтасын тәркіледі

Германия билігі миллиардердің 600 млн доллар тұратын яхтасын тәркіледі

Германия билігі миллиардердің 600 млн доллар тұратын яхтасын тәркіледі
ашық дереккөзі

Гамбург қаласының әкімшілігі ең көп кірісі бар ресейлік миллиардерлердің арасында үшінші орында тұрған Алишер Усмановтың яхтасын тәркіледі деп жазды turkystan.kz. Журнал дереккөздерінің мәліметінше, Алишер Усмановтың 156 метрлік Dilbar яхтасын қала билігі тәркілеген. Бұл яхта 2020 жылдың қазанынан бастап Гамбург кеме зауыттарында қайта жабдықтау үшін болған. Миллиардер бұл яхтаны 2016 жылы Lürssen кеме жасау компаниясынан 600 миллион АҚШ долларына сатып алған болатын. Ол жеке тапсырыс бойынша 52 ай көлемінде дайындалған. Сол кезде фирма өкілдері бұл көлемі жағынан да, технологиясы жағынан да бұған дейін жасалған кемелердің ішіндегі ең қиыны екенін айтқан еді. Сыйымдылығы - 15 917 тонна. Бұл жалпы сыйымдылығы бойынша әлемдегі ең үлкен моторлы яхта және әдетте оның экипажы 96 адамнан тұрады. Dilbar-да яхталардағы ең үлкен хауыз, сондай-ақ, екі тікұшақ алаңы, сауна, сұлулық салоны, спортзал және 12 люкс бар. Айта кетсек, Алишер Усманов Украинадағы жағдайға байланысты санкциялар тізіміне енгізілген.