Жұма, 24 Наурыз, 2023

«Соңғы аптада Украинадан 800 мыңнан астам адам шекара асты» – БҰҰ

Соғыстан бас сауғалаған украиндықтар туған елінен үдере көшіп жатыр. Соңғы 6 күнде олардың саны 835 мыңға жеткен. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді деп жазды turkystan.kz «Әл-Жазира» арнасына сілтеме жасап.

Катар арнасы тілшілерінің хабарлауынша, қазір босқындар негізінен Польшаға кетіп жатыр. Яғни, украиналықтардың жартысынан астамы көрші елден пана тапқан.

Польша Премьер-министрі Матеуш Моравецкий мен Еуропалық кеңес президенті Шарль Мишель шекара маңындағы Корчова елді мекеніне барып, босқындармен жүздесті. Кездесу барысында Еуроодақ өкілі атыс-шабыстан қашқан азаматтарға адамгершілік танытып, барынша қолдау көрсету еуропалықтардың борышы екенін жеткізді.

Ал БҰҰ босқындар жөніндегі бас комиссары Филиппо Гранди Украинадан келген босқындардың жалпы саны миллионға жеткенін хабарлады.

«Небары 7 күннің ішінде Украинадан көрші елдерге бір миллион босқынның көшіп келгеніне куә болдық», – деп жазды Гранди Twitter парақшасында.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button