Депутаттар жаңажылдық кештен бас тарта ма?

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен кейбір ұлттық компаниялар жаңа жылдық корпоративтік кештерді өткізуден бас тартатындығын мәлім етті.

«Бізде ешқандай корпоратив жоспарланбаған. Біз қатаң жұмыс кестесі бойынша істейміз және қазір парламент сайтынан көруге болады. Жаңа жылда бізде де төрт күндік демалыс болады, ал 4 қаңтарда регламент бойынша аймақтарға сапарлаймыз. Аймақтарда, шалғай аудандарда жұмыс істейміз, халықпен кездесу өткіземіз. Парламентте қыдырып кететін демалыстар да болмайды, бұл жақсы ма, жаман ба – өздеріңіз шешерсіздер», – деді  Мәжіліс депутаты Павел Казанцев.

Мәжілісвумен Ирина Аронова да депутаттардың Жаңа жыл қарсаңында ешқандай корпоративті кештер ұйымдастырмайтынын растап, бұл отбасылық мейрам және ошақ қасында аталып өтетінін айтты.

«Біз жаңа жылдық корпоративтер өткізбейміз, бірақ компания жыл сайын Алматының Түрксіб ауданындағы кемтар және жағдайы төмен отбасындағы балаларға сыйлықтар береді», – дейді бұл мәселе бойынша Air Astana әуе компаниясының өкілдері.

«Самұрық-Қазына» компаниясында да, бюджет есебінен корпоративті мерекелік кештер ұйымдастырылмайтынын, дегенмен, қызметкерлердің өз қалтасынан мерекелік шаралар ұйымдастыруы да сөгіске жатпайтынын айтты.

Шынында да, билік өкілдері жаңажылдық корпоратив кештерін өткізуге қарсылығын танытып жатса, бұл басқаларына да үлгі болар еді.

Back to top button