Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов тағы да істі болды (ВИДЕО)

Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов тағы да істі болды (ВИДЕО)

Павлодар облысының экс-әкімі Болат Бақауов тағы да істі болды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бұл жолы ол жол апаты бойынша тергеледі деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап. Бұған дейін бұрынғы шенеунік тізгіндеген көлік ГАЗель автокөлігімен соқтығысқан болатын. Салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі жарақаттанған. Оқыс оқиға ақпан айының 14-і күні «Павлодар - Нұр-Сұлтан» тас жолының бойында болды. Полицияның дерегіне сүйенсек, бір мезетте қатарынан 3 көлік жол апатына ұшыраған. Lexus LX 470 көлігін тізгіндеген жүргізуші Болат Бақауов мінген Lexus LX 570 көлігін соққан. Осының салдарынан экс-әкімнің темір тұлпары алдында келе жатқан ГАЗель автокөлігіне соғылыпты. Жол апатына қатысты полиция қылмыстық іс қозғады.
«Жол апаты бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Сараптама жасалды», - деді Павлодар облыстық Полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Біләлова.
Еске сала кетсек, Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауов 2020 жылдың мамырында қызмет бабын асыра пайдаланғаны үшін 3 жыл 6 айға шартты түрде сотталған еді. Бірақ былтырдан бері экс-әкім мерзімінен бұрын босатуын сұрап, сотқа арызданған. Шағымды Павлодар қаласының №2 соты қанағаттандырмай қойған. Бұнымен де келіспеген Болат Бақауов апелляциялық сотқа арызданды. Тағы оқи отырыңыз: Павлодарда жалған нөмір тағылған қоғамдық көлік анықталды