Павлодарда жалған нөмір тағылған қоғамдық көлік анықталды

Павлодарда жалған нөмір тағылған қоғамдық көлік анықталды

Павлодарда жалған нөмір тағылған қоғамдық көлік анықталды
ашық дереккөзі
Бұл туралы Павлодар облыстық ПД Жергілікті полиция қызметінің бастығы Ғалым Сарғұлов мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Ақсу қаласындағы автобус паркін тексеру кезінде жолаушылар тасымалымен айналысатын Hyundai Aero City маркалы автобусқа жалған мемлекеттік нөмір тағылғаны анықталды. Аталған автобус жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексі 590-бабының 3-бөлігімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 133 автобустың техникалық жағдайы тексеріліп, 16 автобус айып тұрағына қойылды», - деді Ғалым Сарғұлов.
Тағы оқи отырыңыз: Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты (ВИДЕО)