Jas Otan атауын өзгерте ме?

Jas Otan атауын өзгерте ме?

Jas Otan атауын өзгерте ме?
ашық дереккөзі
Jas Otan жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев Nur Otan париясының атауы AMANAT болып өзгеруіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz.
«Өздеріңізге белгілі, Nur Otan-ның кезектен тыс өткен съезінде партия атауын ауыстыру туралы ұсыныс айтылып, Мемлекет басшысы - партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы AMANAT болып өзгеруін қолдады. Бұл жай ғана атаудың өзгеруі емес, толықтай жұмыстың жаңаруы, жаңғыруы деп білемін. Ал Jas Otan-ға келер болсақ, осыған байланысты бізге еліміздің түкпір-түкпірінен түрлі ұсыныстар түсуде. Бес саусақ бірдей емес қой, сол сияқты жасотандықтардың бір бөлігі атын ауыстырайық десе, екіншісі бұрынғы атауы қалсын деген пікірде. Жастардың пікірі біз үшін маңызды. Сондықтан барлық ұсыныстармен түбегейлі таныса келе, нақты шешімге келетін боламыз. Бұл туралы алдағы уақытта өтетін Jas Otan-ның форумында жариялаймыз деп жоспарлап отырмыз», - деді Jas Otan жастар қанатының төрағасы.
Тағы оқи отырыңыз: AMANAT партиясы мемлекеттік қайта тіркеуден өтті