Ертең Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді

Ертең Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді

Ертең Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді
ашық дереккөзі
3 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
«Жиын барысында геосаяси ахуалдың шиеленісуі және Ресейге қарсы санкциялардың қатаңдатылуы жағдайында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеу мәселесі қарастырылмақ» деп жазды Берік Уәли әлеуметтік желіде.
Айта кетсек, кеңес отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндама жасайды. Тағы оқи отырыңыз: Тоқаев Путинмен сөйлесті