Чемпиондарға өмір бойына төленетін төлемақы 306 мың теңгеге дейін көбейтілмек

Чемпиондарға өмір бойына төленетін төлемақы 306 мың теңгеге дейін көбейтілмек

Чемпиондарға өмір бойына төленетін төлемақы 306 мың теңгеге дейін көбейтілмек
ашық дереккөзі
Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев спорт жеңімпаздары мен жаттықтырушыларға өмір бойы берілетін төлемді 306 мың теңгеге дейін көбейтуді тапсырды деп жазды turkystan.kz.
«Вице-министрге чемпиондар, жүлдегерлер мен жаттықтырушыларды өмір бойы материалдық қамтамасыз ету мөлшерін 100 АЕК-ке (306 300 теңге) дейін өсіру жобасын қарауды тапсырамын», – деді Дәурен Абаев.
Атап айтқанда, қазір елімізде Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада чемпиондарына өмір бойы берілетін төлем мөлшері 24 АЕК-ке тең. Сондай-ақ ведомство басшысы салада білікті бапкерлер тапшы екенін айтты. Бұл жағдай олардың жалақысына тікелей байланысты. Министр Үкіметке жаттықтырушылардың жалақысын көтеру, сондай-ақ оларға материалдық ынталандыру мәселесі ұсынылатынын айтты.