Қазақстандық ВТБ банкі Visa жүйесінен ажыратылды

Қазақстандық ВТБ банкі Visa жүйесінен ажыратылды

Қазақстандық ВТБ банкі Visa жүйесінен ажыратылды
ашық дереккөзі
VISA ВТБ банкімен (Қазақстан) серіктестігін тоқтатты. Бұл ақпаратты баспасөз қызметі растады деп хабарлады turkystan.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Баспасөз қызметі клиенттер қолма-қол ақша алу үшін ВТБ банкінің (Қазақстан) банкоматтарын пайдалана алатынын жеткізді.
«VISA ВТБ банкімен ынтымақтастықты тоқтатты. Банктің бұл төлем жүйесінен ажырауы клиент қаражатының сақталуына әсер етпейді. Клиенттер қолма-қол ақша алу үшін ВТБ банкі банкоматтарын пайдалана алады. Банк қаржылық қызметтердің жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсетуді жалғастырады және әрбір мәселені мүмкіндігінше жылдам шешуге дайын», - деді баспасөз қызметі.