Көктеммен бірге жаңғырған...

Көктеммен бірге жаңғырған...

Көктеммен бірге жаңғырған...
ашық дереккөзі
Наурыздың 1-і күні «Nur Otan» партиясының ХХІІ кезектен тыс Съезі онлайн форматта партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өтті. Партияны модернизациялау аясында Съезде бірқатар ұсыныстар жасалды. Мысалы, жастарға арналған - "Өрлеу",  әскери тәрбиеге байланысты - "Қайсар",  экологияға қатысты - "ТазаLike" сияқты жаңа жобаларды жүзеге асыру ұсынылды. Сондай-ақ, филиалдар жанындағы Кеңестер санын ықшамдау, бастауыш партия ұйымдарын күшейту және оларға түскен жарнаның 20 пайызын ай сайын бөліп отыру жоспары да ортаға салынды. Парламент Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы фракциясының Төрағасы Ерлан Қошанов партия атауын «AMANAT» деп өзгерту туралы ұсыныс айтты. Партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынысты қабылдады. «Ата-бабамыздың аманат етіп қалдырған тәуелсіз ел мен кең-байтақ жерді көздің қарашығындай сақтап, көркейтіп, келесі ұрпаққа табыстау – ортақ борышымыз», - деді Президент. Әрине, Жаңа Қазақстанды құру үшін еліміздің ең ірі саяси күші - партиямыздың да жаңаруы заңдылық. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев көршілес елдерде болып жатқан жағдайларды ескере отырып, елді бірлікке шақырды. Өзара тілектестікте болып, Жаңа Қазақстанды бірге құруға үндеді. Жалпы, өз басым осы Съезден үлкен әсер алдым. Көктемнің алғашқы күнінде табиғаттың оянуымен қатар елімізде де жаңару үрдісі басталып кеткен сияқты сезім пайда болды...

 Сабыржан ТАСМАҒАНБЕТОВ,

Қостанай облысы Арқалық қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары