Жаңалықтар

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы түркістандықтармен кездесті

ашық дереккөзі

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы түркістандықтармен кездесті

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров жұмыс сапарымен Түркістан облысында болып, өңірдегі саяси партиялардың, ҮЕҰ, БАҚ өкілдерімен, қоғамдық пікір көшбасшыларымен, блогерлермен, сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесті деп жазды turkystan.kz комиссияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында еліміздегі сайлау жүйесі мен сайлау заңнамасын жетілдіру жөніндегі мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Қатысушылар аудан әкімдерінің тікелей сайлауын өткізуге қолдау білдірді, сайлау процесіне қатысушылардың сайлау заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін жауапкершілік шараларын күшейтуді, азаматтардың, оның ішінде мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқықтарын сақтау кепілдігін қамтамасыз етуді ұсынды. Бұдан бөлек, мажоритарлық және аралас сайлау жүйелерін енгізу, Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттығына сайланатындардың санын шектеу қажеттігі айтылды. Сондай-ақ электрондық дауыс беруді енгізу мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты. Жекелеген қатысушылардың пікірінше, цифрлық технологияларды енгізу, электрондық дауыс беру ақпараттық қауіпсіздікті сақтау, сондай-ақ сайлау үдерісінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.