«Билік қаңтар оқиғасына қатысты барлық шындықты айтып отыр» – Қошанов (ВИДЕО)

«Билік қаңтар оқиғасына қатысты барлық шындықты айтып отыр» – Қошанов (ВИДЕО)

«Билік қаңтар оқиғасына қатысты барлық шындықты айтып отыр» – Қошанов (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Бұл туралы бүгін Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. Спикер қаңтар оқиғасы кезінде әскерилердің азаматтарға оқ ату мәселесі туралы қойылған сауалға жауап берді деп жазды turkystan.kz.
«Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Үндеуінде жариялаған болатын. Негізінде шешім Қауіпсіздік кеңесінде қабылданды. Біз оны дұрыс түсінуіміз керек. Өйткені, бұл – террористік шабуыл. Қауіпсіздік кеңесінде терроризмге қарсы операция деген түсінік бар. Соған сәйкес шешім қабылданды. Онда әскерилердің, құқық қорғау органдарының өміріне, мемлекеттің конституциялық құрылымына, адамдардың денсаулығына қауіп төнген жағдайда оқ атуға рұқсат берілген. Сол кезеңде мемлекеттің тағдыры қыл үстінде тұрды. Президенттің, Қауіпсіздік кеңесінің шешімі болмағанда қазір барлығы да басқаша болар еді», - деді Ерлан Қошанов.
Сонымен қатар Мәжіліс төрағасы бүлікке қатысушыларды тергеу амалдарының ашық әрі жария түрде жүріп жатқанын айтты.
«Билік қаңтар оқиғасына қатысты барлық шындықты айтып отыр. Ешбір жасырып қалған мәселе жоқ. Тергеу басталғанына екі-ақ ай болды. Бұл – мыңдаған адам қатысқан өте ауқымды теракт. Мәселен, Норвегияда 70-80 адамды өлтірген Брейвиктің ісі бір жылға жалғасты. Ал бізде бұған дейін мұндай ауқымды оқиға болған жоқ. Сондықтан мәселенің мән-жайын анықтау үшін нақты дәлелдер мен уақыт қажет. Бұл – үлкен әрі жауапты жұмыс», - деді Палата спикері.