Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі желідегі видеоға қатысты пікір білдірді

Сондай-ақ!

Жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсалмақ

Өскемен қаласының әкімдігі жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсамақ. Бұл туралы Өскемен қаласы әкімдігінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарланады.  Әкімдіктің мәлімдеуінше, 2019 жылы жаңажылдық безендіру...

Әйгілі Discover Earth парақшасында Бозжыра шатқалының суреті жарияланды

Дүниежүзі бойынша табиғаты көз тартар жерлер жарияланатын Discover Earth-тың Instagram желісіндегі парақшасында Маңғыстау облысында орналасқан Бозжыра шатқалының суреті жүктелген. 4 миллионға жуық жазылушы тіркелген парақшада...

Кондолиза Райс Елбасын Джордж Вашингтонмен салыстырды

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік мемлекеттер басшыларынан, экс-президенттерден, бұрынғы үкімет басшылары мен саяси қайраткерлерден, алыс-жақын шет елдердің...

Хоккей: бүгін «Барыс» Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 1 желтоқсанда елордада Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды. Ойын елорда уақытымен сағат 17.00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Екі команда бұған...

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі адвокаттың желіде таратқан видеосына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

 Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде заңгердің ТҮҚЖБ-ны айыптаған видеосы тараған болатын. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің келісімшарты қолыма түсті, сұмдық жағдай. ТҮҚЖБ-де азаматтар өз қаражаттарын көп жыл бойы жинайды, сосын оларға өздері жинаған қаражаттың сомасында 100 пайыз кредит береді. Бұл жағдайда борышкер 16,5 миллион теңге жинаған және банк оған 16,5 миллион теңге үстінен берді. Яғни ол 33 миллион теңге алады, бірақ қарыз алу туралы келісімшарт 10 жылға 33 миллион теңгеге есептеледі. Пайыз борышкердің өз қаражатына да салынады. Қарызды ай сайынғы төлеу кестесіне қарасақ – бірінші үш жылда сыйақы жабылып отырады, негізгі қарыздың бір тиыны да жабылмайды. Бұл өте арам пиғылды келісімшарт, борышкерді қақпанға түсіреді», – дейді видеода заңгер Зоя Әбілдина (Нарымбаева).

Ал банктің баспасөз хатшысы Айбар Олжаевтың айтуынша, банк клиентінің өзі жинаған қаражатына да пайыз есептеледі деген мәлімдеме жасаған заңгердің мәліметі шындыққа жанаспайды.

«Клиент «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» 2008 жылдың 17 наурызында есеп ашқан, ал 2008 жылдың 21 сәуірінде аралық тұрғын үй қарызы бойынша кредит беріліп қойған. Түсіндіріп айтар болсақ, клиент банкте қаражат жинаған жоқ, себебі кредит берілген кезде оның депозитінің ашылғанына бір ғана ай болған. (…) Клиент жылдық мөлшерлемесі 5 пайызбен берілетін тұрғын үй қарызын алу бойынша шартты орындамағанын бастапқыда-ақ білген. Яғни жинақтау мерзімі мен төлемдердің реттілігі сақталмаған. Осыған байланысты клиент «Жеңіл» бағдарламасы бойынша аралық қарыз алуға ниет білдірді», – делінген ресми сауалға берілген жауапта.

ТҮҚЖБ мәліметінше, аралық тұрғын үй қарызы бірнеше жыл бойы қаражат жинауға мүмкіндігі жоқ, бірақ қажетті соманың 50 пайыз қаражаты барларға беріледі. Бұл 50 пайыз қаражатты борышкер жинақ есепшотына салады, бұл қаражат кепіл болып саналады және кредит берілгенде есепке алынбайды. Мұның орнына банк 7,5-тен 8,5 пайызға дейінгі мөлшерлемеде 100 пайыз сомада қарыз береді. Банктің сыйақысы берілген 100 пайыз қаражатқа есептеледі. Ал салымшы жинап, депозитке салған 50 пайыз сома сол есепшотта қалады, сөйтіп, үш жыл бойында оған банктің сыйақысы мен мемлекеттің сыйақысы қосылады. Үш жыл өткеннен кейін депозитте жатқан 50 пайыз жинақ ақша аралық қарызды жабуға жұмсалады, ал клиент тұрғын үй қарызына өтеді, оның жылдық мөлшерлемесі 3,5-5 пайыз аралығында.

«Клиентке қатысты айтар болсақ, борышкер 2008 жылдың сәуірінде 33 290 000 теңге көлемінде қарыз алып, сол жылдың шілдесінен бастап кредит бойынша төлем жасамай қойды. Банк сотқа жүгінудің алдында реструктуризация ұсынды, бірақ борышкер бұдан бас тартты. Банк 2009 жылдың 5 мамырында сотқа арыз түсірді, сөйтіп, 2009 жылдың 14 шілдесінже соттың шешімімен «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның борышкердер қарызды өндіру туралы шағым талабы қанағаттандырылды», – деп хабарлады банктегілер.

 

Редакция таңдауы

Димаш Құдайберген сүйіктісі бар-жоғын айтты

Әлемге әйгілі әнші Димаштың жеке өмірі қызықты әрі құпия. Әншінің миллиондаған тыңдарманына «оның жүрегін жаулап алған кім ?» деген сұрақ қызықты, алайда әнші өз...

Генерал Б. Жанасаев: Елбасының сенімінен асқан жауапкершілік жоқ

Құқықтық тәртіп әскерінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев сенім артқан сардарлар аз емес. Олардың әр қайсысының өз орны бар. Десе де, өмірлік тәжірибесі бай, Елбасының сенімін...

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

12 миллион теңге тұратын медицина құрылғыларын елден заңсыз алып кетпек болған

Батыс Қазақстан облысында құны 12 миллион теңгені құрайтын 800 дана пульсоксиметр құрылғысын...

Жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсалмақ

Өскемен қаласының әкімдігі жаңажылдық безендіруге 40 миллион теңге жұмсамақ. Бұл туралы Өскемен...

Әйгілі Discover Earth парақшасында Бозжыра шатқалының суреті жарияланды

Дүниежүзі бойынша табиғаты көз тартар жерлер жарияланатын Discover Earth-тың Instagram желісіндегі парақшасында...

Кондолиза Райс Елбасын Джордж Вашингтонмен салыстырды

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына шетелдік...

Хоккей: бүгін «Барыс» Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 1 желтоқсанда елордада Ресейдің «Сочи» командасын қабылдайды. Ойын...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...