Жаңалықтар

Енді Orda FM радиосы алматылықтарға да қолжетімді (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Енді Orda FM радиосы алматылықтарға да қолжетімді (ВИДЕО)

Аптасына 7 күн бойы ақпарат таратып, тыңдарманды тәулік бойы әсем әуен, әуезді күймен қуантып жүрген астаналық Orda FM Алматы қаласына да тарайтын болды деп жазды turkystan.kz. Басты мақсат – сапалы музыка және ең өзекті ақпараттарды жедел жеткізу. Радионың директоры Кирилл Волковтың айтуынша, Orda FM астанадан Алматыға хабар тарататын алғашқы радио болып ел тарихында қалмақ. «Orda FM 9 жылдан бері елордалықтарды қуантып келеді. Енді бүгін Алматы қаласында хабар таратуды бастадық. Бұл игі істі Алғыс айту және көктемнің алғашқы күнінде бастадық. Осылайша, қала тұрғындары мен қонақтарын мерекемен құттықтауды жөн көрдік. Ең қызығы, Қазақстан бойынша тұңғыш рет елордадан Алматыға хабар таратамыз. Мұндай бұрын-соңды болмаған. Яғни Алматыдан астанамызға тарайтын еді, енді керісінше», – деді ол. Салтанатты шараға өнер адамдары мен қоғам қайраткерлері арнайы қатысты. Олар Orda FM радиосы ұжымын мегаполистегі филиалдың ашылуымен құттықтады. «Адамдар күн сайын жұмыс істеп, еңбек етеді. Үйге қайтып бара жатқанда мен де көпшілік сияқты радиодан ән тыңдаймын. Көңіл көтеру индустриясында бәріміз жұмыс істеп жатырмыз ғой. Сондықтан отандық радионы жүйелі түрде дамыту керек. Сол кезде отандық радио мен телеарналарды көретін боламыз», – деді актер Нұрлан Қоянбаев.