СҚО-да екі жүк көлігі 5 жұмысшыны басып кетті, қаза тапқандар бар

СҚО-да екі жүк көлігі 5 жұмысшыны басып кетті, қаза тапқандар бар

СҚО-да екі жүк көлігі 5 жұмысшыны басып кетті, қаза тапқандар бар
ашық дереккөзі
Солтүстік Қазақстан облысында ірі жол апаты болды. Оқыс оқиға кезінде екі адам қаза тауып, үшеуі жарақат алды деп жазды turkystan.kz. Қайғылы аяқталған жол-көлік оқиғасы 28 ақпан күні Есіл ауданындағы Мальцево ауылының маңында болған.
«Күндізгі сағат 12.00-де елді мекен жанында тіркемесі бар МАЗ және Shacman көліктері соқтығысты. Салдарынан ауыл жанында қар тазалап жүрген «Петропавл жолдары» ЖШС қызметкерлері зардап шекті. Атап айтқанда, Явленка ауылының 68 және 48 жастағы тұрғындары оқиға орнында көз жұмды. Ал түрлі дене жарақатын алған 3 ер адам аудандық орталық ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 4-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды.