Жаңалықтар

Бейжіңде қысқы Паралимпиаданың Алау эстафетасы басталды

ашық дереккөзі

Бейжіңде қысқы Паралимпиаданың Алау эстафетасы басталды

2022 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарының Алау эстафетасының салтанатты ашылу рәсімі Бейжіңнің оңтүстігіндегі Аспан шіркеуінде өтті деп жазды turkystan.kz. Көктемнің алғашқы күнінде Лондондағы Сток-Мандевиль стадионында 2022 жылғы ойындардың алауы жағылды. Мүгедектер арбасындағы керлингтен екі британдық паралимпиада жүлдегері эстафетаның алғашқы алау ұстаушысы құрметіне ие болды. Алау виртуалды түрде Лондоннан Бейжіңге жіберілді. Ал бүгін жарыстың үш кластерінде (Бейжің, Яньцин және Чжанцзякоу) алау жағылады. Кейін үш алау ҚХР астанасындағы Аспан ғибадатханасында (Тяньтань) бір отқа біріктіріледі. Паралимпиадалық алау эстафетасы 4 наурызға дейін созылады. Оған 600-ге жуық алаугер қатысады деп жоспарланған. Жұма күні «Құс ұясы» ұлттық стадионында паралимпиадалық алау жағылып, Бейжіңдегі қысқы Паралимпиада ойындары ресми бастау алады. XIII қысқы Паралимпиада ойындары Бейжіңде 4-13 наурыз аралығында өтеді. Оған 50 елден 700-ден астам спортшы қатысып, спорттың 6 түрінен 78 түрлі жарыста бақ сынайды. Айта кетсек, Қазақстанның паралимпиада құрамасына 5 спортшы кірді. Олар шаңғы жарысында және биатлонда өнер көрсетпек.