«АҚШ ресейлік әуе компанияларына әуе кеңістігін жабады» – Байден

«АҚШ ресейлік әуе компанияларына әуе кеңістігін жабады» – Байден

«АҚШ ресейлік әуе компанияларына әуе кеңістігін жабады» – Байден
ашық дереккөзі
АҚШ Үкіметі Украина төңірегіндегі оқиғаларға байланысты ресейлік әуе компанияларына әуе кеңістігін жабу туралы шешім қабылдады деп жазды turkystan.kz. Бұл туралы Президент Джо Байден елдің жағдайы туралы конгреске жолдаған үндеуінде мәлімдеді. Бұл үндеу Америка басшысының Twitter-дегі парақшасына жарияланды.
«Бүгін мен одақтастарымызға Ресейдің барлық рейстеріне америкалық әуе кеңістігін жауып, Ресейді одан әрі оқшаулап, олардың экономикасына қосымша қысым жасайтынымызды жариялаймын. Ашық айтайын, біздің әскер Украинадағы ресейлік күштермен қақтығысқа қатысқан жоқ және қатыспайды да», - деді Ақ үй басшысы.
Джо Байден Еуропада орналастырылған америкалық әскердің Ресей Президенті Владимир Путин батысқа жылжуды жалғастырған жағдайда, НАТО-дағы одақтастарын қорғайтынын айтты.
«НАТО елдерін, соның ішінде Польша, Румыния, Латвия, Литва және Эстонияны қорғау үшін америкалық құрлық күштерін, әуе эскадрильяларын және әскери-теңіз күштерін жұмылдырдық», - деп қосты АҚШ Президенті.
Сондай-ақ ол АҚШ Әділет министрлігі ресейлік олигархтардың қылмыстарын тергеу үшін арнайы жұмыс тобын құрып жатқанын мәлімдеді.
«Біз еуропалық одақтастарымызға олардың яхталарын, сәнді пәтерлерін, жеке ұшақтарын тауып, тәркілеу үшін көмектесеміз», - деді Джо Байден.