Қазақстанға санкция салынуы мүмкін

Қазақстанға санкция салынуы мүмкін

Қазақстанға санкция салынуы мүмкін
ашық дереккөзі
Британ Парламентінің мүшесі Маргарет Ходж Қазақстан мен Әзербайжан елдері Ресейді қолдайды деп есептейді. Осыған байланысты аталған елдерге санкция салу туралы бастама көтерді деп хабарлады turkystan.kz.  Британ Парламенті Ресейге қарсы санкцияларды талқылауды жалғастыруда. Бүгін Парламент мүшелерінің бірі Маргарет Ходж Қазақстан мен Әзербайжанға қарсы санкцияларды да қарастыруды ұсынып, «бұл мемлекеттер Путинді қолдайды» деп мәлімдеді. Ал Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігінің басшысы Қазақстан мен Әзербайжанға қатысты бұл мәселені зерттейтінін жеткізді. Министр Лиз Трасс Ұлыбританияның осы уақытқа дейін негізінен Ресей мен Беларусь елдеріне ғана санкциялар енгізгендерін айтты. Еске сала кетсек, Маргарет Ходж Қаңтар оқиғасы кезінде де Қазақстанға санкция салуды ұсынған болатын. Тағы оқи отырыңыз: Украинадағы майданда қаза тапқан қазақтың фотосы жарияланды