Президент валюта нарығындағы ахуалмен танысты

Президент валюта нарығындағы ахуалмен танысты

Президент валюта нарығындағы ахуалмен танысты
ашық дереккөзі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Ұлттық банктің әлемдегі геосаяси жағдайға және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттері туралы есебін тыңдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаржы және баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар, соның ішінде халықтың теңгемен салған салымдарын қорғау, сыртқы және ішкі секторлардағы негізгі қатерлер ескеріле отырып, ақша-несие саясатының іске асырылу барысы туралы баяндалды. Ғалымжан Пірматов валюта нарығындағы ахуал, Ұлттық банктің алтынвалюта резервтерінің және Ұлттық қор активтерінің жай-күйі туралы айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді. Тағы оқи отырыңыз: Тоқаев партияның атауын «Аманат» деп өзгертудің себебін түсіндірді