Өзбекстанда президент сайлауына ерте дауыс беру басталды

Өзбекстанда президент сайлауына ерте дауыс беру басталды

Өзбекстанда президент сайлауына ерте дауыс беру басталды
ашық дереккөзі
24 қарашада Өзбекстанда президент сайлауына ерте дауыс беру басталды. Бұл елде сайлау 4 желтоқсанға белгіленген.
Өзбекстан заңына сай елде мерзімінен бұрын дауыс беру сайлау белгіленген күннен он күн бұрын басталады. Президенттікке кандидаттар тізімінде премьер-министр Шавкат Мирзияев, Өзбекстан халықтық-демократиялық партиясы атынан Хатамжон Кетмонов, "Миллий Тикланиш" партиясынан Сарвар Отамуратов және "Адолат" партиясынан Нариман Умаров бар. Президент бес жылға сайланады. Сайлаушылар тізімінде 21 миллион 435 мың адам бар. Елдегі сайлау учаскелерінде 9 мың 378 адам жұмыс істейді. Өзбекстанда 27 жылға жуық уақыт басқарған Ислам Каримовтың қазасынан кейін елде президент сайлауы белгіленген.