Полиция ұлтаралық араздықты қоздырған қостанайлыққа қатысты түсініктеме берді

Полиция ұлтаралық араздықты қоздырған қостанайлыққа қатысты түсініктеме берді

Полиция ұлтаралық араздықты қоздырған қостанайлыққа қатысты түсініктеме берді
ашық дереккөзі
Кеше әлеуметтік желіде Ресей Президенті Владимир Путиннен Қазақстанның солтүстік өңірлерін күштеп қосып алуды сұраған қостанайлық Татьяна Малахованың жазбасы тараған болатын. Тәртіп сақшылары көпшіліктің ашуын тудырған жазбаға қатысты тексеріс жүргізді деп жазды turkystan.kz. Қостанай облысы Полиция департаментінің өкілдері бұл скриншоттың ресейлік Lenta.ru сайтында Украина мен Ресей арасында болып жатқан қақтығыстарға қатысты жазылған жаңалықтың астында қалдырылған түсініктеме екенін анықтады.
«Облыстық Полиция департаменті аталған факті бойынша тексеру жүргізді. Оның барысында аталмыш жазбаны қалдырған адамның фейк екендігі белгілі болды. Ол никтің Қостанай облысының тұрғындарына ешбір қатысы жоқ. Мәтіннің мазмұнында ҚР Қылмыстық кодекстің 174-бабында («Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру») көзделген қылмыс құрамының белгілері бар. Сондықтан Полиция департаменті барлық азаматтарды бұл скриншотты ары қарай таратпауды сұрайды», - делінген департамент хабарламасында.
Айта кетсек, мәтінде өзін мұғалім ретінде таныстырған Татьяна Малахова жазған түсініктемесінде қазақ ұлтына тіл тигізіп, ұлтаралық араздықты қоздыруға талпынған.